Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет58/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   195
кітап тарбие туралы

(Баласағұн Ж. Құтты білік /
 Аударған А. Егеубаев. – Астана, 
2003. –145-б.).
Бұл – Құдайға құлшылық етудің 
шынайы жүректен шығып, кіршік-
сіз амалмен іске асатындығы ту-
ралы ойшылдың шынайы сенімінен 
туындаған ой. Жаратушыға деген 
сүйіспеншілік пенденің ниеті мен 
амал-әрекетінен туатындығы айдан 
анық. Ниет тазалығы және амалдың 
айқындылығы құлшылықтың мәні 
мен мағынасын байытып, мұсыл-
манның иманын күшейтеді. Ниет – 
адам пейіліндегі мақсат. Құлшылық 
атаулының қабыл етілуі ниетке бай-
ланысты. Дін құлшылық пен ғибадат-
ты қажет етеді.
Бек кісіге – керек ұят, ақыл, ар,
Зұлмат күш жоқ, 
ақыл-арды жапырар.
Ұяты бар адамдар пәк, момын да,
Ұятты іске тигізбейді қолын да.
Кімге Тәңір берсе ұят, намысты,
Оған қоса бергені құт, даңқты! 
(Баласағұн Ж. Құтты білік / 
Аударған А. Егеубаев. – Астана, 
2003. – 54 б.).
Баласағұн 
шығармашылығына 
тән ерекшелік адам болмысының 
мәні және адамның әдебін ашатын 
ұғым ретінде ар-ұят алынады. Адам-
ның адамгершілігін, оның тұлғасын 
ардақтайтын және көкке көтере-
тін – ар мен ұят. Адам бойындағы 
ар-ұят сезімі оның ибалылығын, 
қайырымдылығын, бақытын, әділет-
ті ұстанымын, парасат-пайымын, қа-
нағатшыл құлқын асқақтатады.
Ар-ұят – бұл адамның көркем мі-
незділігінің, тәрбиелігінің белгісі. 
Ар-ұят дегеніміз адам бойындағы 
кісілік пен кішіліктің, арлылық пен 
сыпайылықтың негізі. Жаратушы-
дан қорыққан адам жамандыққа, 
арсыздыққа, рухсыздыққа, намыс-
сыздыққа, көргенсіздікке алып бара-
тын іс-әрекеттен сақтанып, тартынып 
жүреді. Қазақ халқының «Құдайдан 
қорықпағаннан қорық» деуі бекер 
емес. Ал дана халқымыздың «Жаным 


111
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
арымның, малым жанымның са-
дағасы» деген өмір мәндік ұстанымы 
мен рухани құндылық тұғырының 
тамыры тереңде жатыр. Хадисте: 
«Ұят – иманнан» делінген. Қаза-
қы ділдің, рухтың әдеп пен ибаның, 
сыпайлық пен сыйластықтың қай-
нар көзі Ислам ілімі мен мәдениеті-
нен бастау алып, ұрпақтан-ұрпаққа 
берілген. Қазақы мінез, қазақы діл, 
қазақы дүниетаным, қазақы өмірлік 
ұстанымның тұғыры Ислам мәдение-
ті мен әдебінде жатыр деген ойдамыз. 
Әрбір адамның өзі жасаған кемші-
ліктері мен күнәлары үшін өзінің ары 
алдында және қоршаған ортасынан 
ұялмаса, онда адам баласын күнәлі іс-
терден тыю мүмкін болмас еді. Әдепті 
адам адамдармен ізгі қарым-қатынас-
та болып, өзінің адами абыройын 
асқақтатады. Арлы адам келеңсіз 
іс-әрекет пен жағымсыз мінездерден 
алыс жүріп, ұнамсыз іс-әрекет жасап 
қойса өкініп, болашақ іс-әрекетінде 
ұнамсыз іс-әрекет жасаудан сақтанып 
жүреді. Парасатты адамға білместік-
тен жасаған қателіктері үшін ұялу 
тән. Ал арсыз адам қатесі мен күнә-
сі үшін еш қысылмайды. Арлы адам 
бол са ар-ұжданын өмірлік ұстаным 
ретінде, азаматтық мұрат ретінде 
қастерлейді. Ислам ілімі бойынша 
ар мен ұят – адам болмысын ұнам-
сыз және дертті мінез-құлықтардан 
сақтайтын қорған. Ислам мәдение-
тінде адам баласы өзі жасауға мәж-
бүрлі болған күнәлі істерін адамдарға 
айтып жария етуі дұрыс емес, адам-
ның жасаған күнәсінің сыры Аллаһ 
пен адам арасында сақталады. 
Жүсіп Баласағұни шығармасында 
білім мен ғылымның мәніне де зор 
мән береді. Яғни:
«Білік – түпсіз, шетсіз-шексіз 
бір теңіз,
Қанша сімір, сарқылмайды, білсеңіз!
Біліммен ер басын алып жүреді,
Ал білімсіз басын оққа тігеді.
Білім алып, биіктей бер адам бол,
Ел ішінде мал атанған надан мол».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет