ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ
ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Құтадғу білік» (Құтты бі-
лік) – ғұлама-ойшыл Жүсіп Бала-
сағұнның дидактикалық, тағылым-
дық еңбегі. Бұл – көне түркі тілін-
де жазылған, түркі тектес халықтар-
дың ортақ қазынасы. Көптеген
зерттеушілер бұл дастанды саясат,
мемлекет басқару, әскери іс жөнінде-
гі философиялық трактат деп атайды.
Бұл – бүтін бір тарихи кезеңнің мі-
нез-құлқын бойына сіңірген, қоғам-
дық саяси, әлеуметтік бітімі қа-
нық, моральдық, этикалық, рухани
қазынамыздың негізі арқау болар-
лық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге,
ой-толғамымызға төркіндес, етене
жақын орамдарды көргенде, қазақ
этнопедагогикасына жалғасқан ди-
дактикалық поэзия мен шешендік
сөздердің, билердің орағытып, ой
тастайтын кең тынысты толғам-
дарының дәстүрлі бірлігі «мен мұн-
далап» тұрады. Жүсіп Баласағұнның
мемлекетті басқару қағидалары мен
принциптерін, елге билік жүргізудің
ережелері мен тәртібін, қоғам мүше-
лерінің мінез-құлық және әдет-ғұрып
нормаларын жыр еткен этикалық-ди-
дактикалық мазмұндағы көркем
туындысы.
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік-
ті» 1069-1070 жж. Баласағұн қа-
ласында бастап, он сегіз айдың
ішін де Қашқар қаласында аяқтаған.
Қо ғамдық-әлеуметтік мәні терең,
халықтың моральдық этикалық бағ-
дарламасы іспеттес бұл еңбегін Қара-
хан мемлекетінің сол кездегі билеу-
шісі Табғаш Арслан хан Боғратегін-
ге тарту еткен.
«Құтадғу білік» – Жүсіп Бала-
сағұнның еңбегі. Түркия ғалымдары
1942-1943 жж. «Құтадғу біліктің»
үш нұсқасын Стамбұлда үш томдық
кітап етіп басып шығарды. Дастанды
зерттеу ісіне, әсіресе түркі ғалым-
дары Р.Р. Арат, М.Ф. Кепрюлд және
А. Дильгар, т.б. көп еңбек сіңірді.
«Құтадғу білік» дастаны орта ғасыр-
ларда бүкіл түркі әлеміне түсінік-
ті болған Қарахан әулеті мемлекеті
түріктерінің тілінде жазылған. (Жа-
Достарыңызбен бөлісу: |