121
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Жалын атқан наданды жазалайтын Мұхаммед,
Күнәлап сөз айтуы тыныштық болған Мұхаммед.
Тариқатқа
1
– жетекші,
шын берілген Мұхаммед,
Хақиқатқа
2
бастаушы, рұқсат берер Мұхаммед.
Дұғалары қабыл боп, оң жауап алған Мұхаммед,
Жамандыққа – жақсылық жаны жақын Мұхаммед.
Міскін
3
Ахмед құлына хат жазып берген
Мұхаммед,
Періштеге, адамға бақыт берген Мұхаммед.
Жетім, пақыр, ғаріпке жомарт болған Мұхаммед,
Періштеге, адамға бақыт болған Мұхаммед.
(«Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. Құраст.: Қалиев С.Қ.,
Аюбай К.Қ. Он томдық. Т.3. Көне жазба мұралар тағылымы
(б.з.б. І мыңжылдық – XV ғ. соңы)» кітабынан, 239-б.)
Әділ сөзге тоқтау, әділетті болу туралы
99-хикмет
Әркім қылса тариқаттың дұғасын,
Адам шариғатқа кірмек керек.
Шариғаттық
істерін ада қылып,
Одан кейін бұл дұғаны қылмақ керек.
Шариғатсыз қадам қоймас тариқатқа,
Тариқатсыз қадам қоймас Хақиқатқа,
Бұл жолдардың негізі бар Шариғатқа
Бәрін оның Шариғаттан білмек керек.
1
Тариқатқа – сопылардың діни-адамгершілік жағынан өзін-өзі жетілдіру жолы.
2
Хақиқатқа – ақиқат.
3
Міскін – мүсәпір, бейшара.
122
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Одан
кейін шын ниетті бір ер керек,
Болмыс болса ол бір ер сыннан өткен.
Шариғатқа сай келетін кереметті
Сол бір ердің етегінен ұстау керек.
Кім білместен бұл жолдардан шайхымын десе,
Кереметтен уәлиятқа хабар берсе,
Жалған болар егер рух оған сенсе
Өзін ондай жалғаншыға жуытпау керек.
Шын ниетсіз
сыннан өтпей муршид болмас,
Тариқаттың жолдарын ол әркез білмес.
Бұрмалаушы-дүр сенімге ол лайық емес,
Ондайлардан аулақ-аулақ қашпақ керек.
Ниетіңді бергін, сыннан өтпек жандарға.
Күні-түні қажымай тұр Риадатқа.
Сеніп өзің құлдығыңа ғибадат қыл.
Құлдығыңа белді байлап тұрмақ керек.
Одан кейін мужаһида тонын киіп
Риадаттың тасында еріп аққан
Менмендіктен етіп, таза саф қылып
Бедел-атақ
рахатын сатып, төмендіктен алмақ керек.
Осы болар жарандардың қылғандары,
Талапкерге болсын деген айтқандары.
Рас-дүр бұл сөз, білгін, жоқ-дүр жалғандары,
Жан қалауымен мұны білмек керек.
Адалдықпен қабыл қылса мұны,
Нақ сеніммен бірге болса түні-күні.
Жат-есімен танымал болса елде тоны
Жарандармен ұлық ерді қылмақ керек.
Шын
ниетсіз осы жолға кірмеді олар,
Инабатсыз жолға қадам қоймады олар,
123
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Сыннан өтпей, ешқандай дем ұрмады олар,
Мурид болған бұл сипатты болмақ керек.
Әркім кірсе осы жолға белін байлап,
Құл Қожа Ахмет
керек өзін қызметші ойлап,
Өз ниетін құдайына дұрыс ойлап,
Әзіздерге бет бұруын қылмақ керек.
Достарыңызбен бөлісу: