Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет60/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   195
кітап тарбие туралы

торы. Ыстықкөл маңында болған 
Барысхан қаласында әскерилер 
отбасында дүниеге келген. Қара-
хан әулетінен шыққан Махмұд 
Қашқари Қашқарда, Бағдатта бі-
лім алған. Ол Византия, Түркия, 
Қытай және басқа елдерді ара-
лаған. Түркі тілімен қатар, араб 
және парсы тілдерінде де еңбектер 
жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» – 
Махмұт Қашқаридың ең танымал 
шығармасы. Онда көшпелілердің 
ой әлеміне қатысты да тамаша 
мұра жинақталған. Бұл тамаша 
энциклопедиялық туынды 1072-
1078 жылдары Бағдатта жазылған. 
Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 
жылы М.А. Абулфатх жасаған жал-
ғыз көшірмесі Стамбулда сақтау-
лы. Толық нұсқасын қазақ тіліне 
А. Егеубаев тәржімалады.


113
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Махмұд Қашқари – түркінің тұң-
ғыш тіл маманы, түркі тілінің оқу-
лығын жасаған, грамматикасын тү-
зеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнері-
нің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген 
ғұлама. Түркология тарихында ол 
тұңғыш тарихи салыстырмалы әдіс-
ті қолданып, түркі тілдері тарихи 
диалектологиясының негізін салды. 
Оның осы тілдерді салыстырмалы 
түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тіл-
шілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде 
өзінше бір мектеп болып қалыптасты. 
Түркі жұртының бай тарихы, геогра-
фиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, 
этнологиялық ерекшеліктері «Диу-
ани лұғат ат-түркте» нақты тарихи 
деректілік сипатпен танылған. Ол 
көптеген ұлыстардың, тайпалардың 
тіл ерекшеліктерін саралап, түркі ті-
лінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұр-
мыс салтын, әдет-ғұрпын баяндайды, 
сол кездегі ғұламалардың, тарихи 
адамдардың аттары мен өмірбаян-
дық деректерін, түркі халықтарының 
байырғы жырларын, мақал-мәтелде-
рін береді. 
Сонымен қатар ол: «Көне дәуір-
дегі түркінің әлемдік картасын жа-
сап, онда Барысхан, Баласағұн, Та-
раз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, 
түркі дүниесінің ежелгі шаһар-
ларын, елді мекендерін түгел дер-
лік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі 
жұртының тұң ғыш энциклопедия-
лық анықтама лығы» деп келтіруге 
болады [1, 57-б.].
Махмұд Қашқари Қашқарияда 
дүниеге келгенімен, бүкіл саналы 
ғұмырын Қазақстан, Орта Азия жер-
лерінде өткізген. Негізгі еңбегі «Диу-
ани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің 
жинағы») деп аталады. Онда адам-
гершілік, тәлім-тәрбие, психология-
лық қасиеттер, адамның бойында 
кездесетін жағымды және жағымсыз 
мінез-құлықтарға сипаттама береді.
Махмұт Қашқари түркі тілдерінің 
түрлі говорлары (жергілікті тілдік 
ерекшеліктер) жайлы айта келіп, мы-
сал ретінде берген сөздерінің ішінде 
қазіргі қазақ тілінде де айна-қате-
сіз қолданылып жүрген төмендегі-
дей сөздер де ұшырасады. Мысалы: 
«арық, ақыр, қар, қара, азық, қозы, 
қыз, қашты, көмді, білді, тірілді, өлік, 
су, ат, топырақ». Соған қарағанда, қа-
зақ тілі түркі тілдері ішінде ата сөзде-
рін көп сақтаған таза тілдердің бірі 
деп әбден айтуға болады. Махмұд 
Қашқаридың «Жинағы» күні бүгінге 
дейін дүние жүзі ғалымдарының на-
зарын аудартумен келеді. Орыс зерт-
теушілерінен бұл шығарма жайлы өз 
ойларын айтқан негізінен В.В. Бар-
тольд, С.Е. Малов және А.Б. Халидов 
болды.
Махмұт Қашқаридың «Диуани 
лұғат ат-түрік» әскери, махаббат, эл-
легия, табиғат секілді тақырыптармен 
қатар, моральдық, этикалық, тұр-
мыстық, мифологиялық оқиғаларды 
да сөз етеді. Түркі елі әдебиетінің 
ренессанстық дәуірінің бастапқы ке-


114
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
зеңіне жататын осы бір үлкен класси-
калық шығарма. Қазіргі қазақ тілінің 
негізін, әдебиеттік арнасының көзін 
танытатын мәнді де, маңызды, түркі 
халықтарының мақтанышы болған 
құнды мұра, жазба әдебиетіміздің 
тұлғалы шығармасы. Қазақстанды 
мекендеген көптеген түркі тайпалары 
қалдырған ортағасырлық ортақ мәде-
ниет үлгісі. 
«Жинақта» тәлім-тәрбие, дидак-
тика, өсиет, адамгершілік, ұрпақ 
тәрбиесі, ізгілік туралы ой-пікірлер 
айтылады. Мәселен, «Атасынан 
ақыл алса, тентек ұл да жөнделер», 
«Ұлысында ұлы болсаң, біліміңді 
елге бер», «Асығыс еткен іс шала, 
асығыс жаққан от шала», «Ұлым, 
ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар, 
білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып 
жоғалар». Сөздікте ерекше тәлім-
дік-тәрбиелік, ғибраттық мәні бар 
мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер 
жиі кездеседі: «Ақылымды ал, ұлым 
менің, рақымшыл бол, әулетіңнің 
ағасы бол, ақылшы данасы бол, 
білгеніңді ортақтас…», «Ұлым ме-
нің, ақыл сенің серігің», «Ашу-ыза 
ақылыңды алады, мыжыма мылжың 
дүниеңді тарылтады».
Сонымен қатар, түркі халық та-
рының ойшылы Махмұд Қашқари-
дің «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі 
сөздерінің жинағы») кітабында түркі 
халықтарының ерлігі, тұрмыс-тір-
шілігі және қаһармандық істері 
жайында баяндалады. Мұнда отан-
сүйгіштік, ерлік жайында: «Мен түр-
кілердің зерек қабілет иелерінің бірі 
әрі ұрыстарға шебер найзагерімін, 
бүкіл шаһарларды қорғаған болаты-
нмын», – деп айтылады [2, 9-б.].
Махмұд Қашқаридің «Диуани 
лұғат ат-түрк» атты тағылымдық 
еңбегінде түркілік құндылықтарын 
қастерлеуі, жалпытүркілік ізгілік, 
дәстүрлі діншілдік, отансүйгіштік, 
қайсарлық, табандылық, батылдық, 
сенімділік, жауапкершілік, түркілік 
мораль, этика туралы тәлімдік мағлұ-
маттар беріледі. Данышпанның мұн-
дай ғибратты сөздері түркілік тәлім-
дік тәжірибеден туындаған және 
халық арасында афоризмге айналып 
кеткен. Мысалы, «Батыр – майданда, 
ғалым – мәжілісте сыналар» деп кел-
тіреді. 
«Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінде 
қаншама адамгершілікті, рақымшыл-
дықты, дәріптейтін тәлімдік ой-пі-
кірлер орынды берілген: «Даналар-
дың сөзі – ақыл, зер салсаң, зердеңе 
қонар», «Рақымшыл болсаң, менмен 
болма», «Рақымың болмай мақтан-
саң, қиын-қыстауда қиналарсың», 
«Туғаныңның мәртебесін өсіргің кел-
се, сый-сияпат көрсет…» деп келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет