(Байниетова С. «Қожа Ахмет Йасауи.
Тарих, тұлға, уақыт» кітабынан, 70-б.)
Сабырлылық туралы
Сабыр болып, үміт тұтып опасына,
Уәдесін шын ғашықтар танымас болар.
Жапа шекпей ғашық болмас, тыңда, ғапіл,
Жапа шегіп, сабыр болғын, болма жаһіл.
(Ахметбек А. «Қожа Ахмет Йасауи:
Көмекші оқу құралы» кітабынан, 58-б.)
Мінажат
Мінажат ойлады міскін Қожа Ахмет,
Аллахым, қыла көр бар пендеңе рахмет,
Ғаріп Ахмет сөз ешқашан қарымас,
Егер жер астына кірсе, шірімес,
Және ол мансұқ болып, ол қор болмас,
Оқыған пенделер ауру болмас,
Құдайым бұйыртса маған жаннат,
Оқығанға қылармын шапағат,
Тілегені не болса, Тәңір берер.
Махаббат қуатын көкірегіне салғай,
Дидарын көрсетіп, Хақ тағалам,
Өзін жолға салсын бір уа барым,
Құдайым ойласын махшарда жақсылық,
Қиямет күні қымбат затына.
Дұғаға жәрдем берсе әр мұсылман,
Өлер уақтында күтеді оларды нұр иман,
127
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Менің хикметтерім әлемге толар,
Есітпеген жан қылады арман.
Менің хикметтерім дерттіге дәрмен,
Кісі бойы ерімесе, онда ол жолда қалған,
Менің хикметтерім әлемде дастан,
Рухым келсе, қылады сұхбатты бостан,
Менің хикметтерім бәрі хадис-ті.
Кісі бойы ерімесе, білдір хадисті,
Менің хикметтерім талапкердің асы,
Егер олай болмаса, жоқ оның опасы.
Менің хикметтерім Хақтың бұйрығы,
Оқып, білсең бар мағынасы Құран.
Менің хикметтерім әлемде сұлтан
Қылар бір сәтте, шөлде гүлстан,
Менің хикметтерім махаббат қуаты,
Көзіңнің жасына қылғайсың тахарат,
Намазына Расул Алла имамы.
Қауымы оның періштелер тамамы,
Ауырып жүріп қылған мінажат-намазың
Қабыл болғай, оның Хаққа барлығы,
Менің хикметтерімді ғашыққа айтқын,
Жүрегі айнадай адалға айтқын.
Барлық көр, шіріген тіс, ішінен кәззап,
Бар ақылымды тауыстым, таппадым саф.
Менің хикметтерімді таңдаулыға айтқын,
Құдайды сыйлар жомартқа айтқын.
Әділ патшаның бір аты Садық.
Қылар бір сәтте Пайғамбарға лайық.
Менің хикметтерімді надан есітпес,
Жүрек-көңілі қара ақылымды алмас.
Бейхабарға Алла назарын салмас.
Әдепсіз, надан дүние пірсіз.
Жазымыш бітсе, әркімнің жазуы бітсін.
Уәлидің жазуы бітіп, мақсатына жетсін.
Пір кәмілді көрмей, шайых санамаймын,
Құдай қабыл қылмас ол оқыған Құранды.
Діні иманы жоқ, исламы ойран,
128
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Қиямет таңы атса, жолда қалған
Өзін шайых дер, іші бос, құр қуыс,
Жиырма бес жасқа жетпей, санады өзін жоғары.
Насихат қылар пір менен жасты
Өзі түсінбес, жақсы менен жаманды.
Олардың сөздері шатасқан, шатастырар елді де
Шариғат адамы қашады ол елден.
Айналсын деп мұны бірнеше бейақыл,
Әулиелерден қылады мұны нақыл.
Қойып күнәһарды, өткелге кіргіз.
Тілі қу, өзі қу, қылғаны жамандық,
Оның қулығы шайтаннан сорақы.
Қулығы күтер алдынан махшар таңында.
Олардың жүздерін көрмеңіз әркез.
Олардай қарғыс атқаннан айналып кет әркез.
Жай тілмен сөйлеп, соқырды айттым,
Ақиқат сөзбен наданды сөктім.
Егер ғалым болса, жаным жолына құрбан,
Дүр, гауһар сөзімді, есітіп ұққын.
Сол ғылымға жан құрбан қылармын,
Барлығын жаныммен жақсы қылармын.
Қане, ғалым, қане, еңбеккер жарандар,
Құдайдан сөйлесе, сіздер жан беріңдер.
Шын ғалым жастығын тастан жаратты,
Не ұқса, соны ол әлемге айтты.
Өзін білді, иесін таныды.
Құдайдан қорықты, ынсапқа келді.
Менің хикметтерімді дана есітсін,
Сөзімді дастан қып, мақсатқа жеткізсін.
Менің хикметтерім нағыз сөз маржаны
Жүрек түбінде болса зікірдің сұлтаны.
Менің хикметтерім, момынға болар пір
Қай пенде болса да Құдайға бас иген,
Менің хикметтерім, тыңдағандарға айтқын.
Дұғамен мадақтап, рахметке батқын,
Менің хикметтерім, ұлық пірдің қолы,
Есіткендер болар мас, тыңдаса оны.
129
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Тірі болса дүниеде қор болмас,
Оқыған пенделер, ауру болмас.
Қияметте оған жолбасшы болармын,
Егер дертті болса, дертіне дәру болармын.
Егер жүз жыл өмір көрсе қартаймас,
Егер жер астына кірсе шірімес.
Құдай қылғай оны тозақтан азат,
Мәңгілік бағында үнемі болар шат.
Егер хикмет оқыса бар халық
Маған перзент болар, ол нағыз талапкер,
Менің хикметтерімді, одан күш алған
Кезінде олар сыйлайды иман.
Йасауи хикметін дана есітсін,
Есіткеннің бәрі мақсатқа жетсін.
Жауһар кенінен бір түйір алсын,
Есітпегеннің бәрі қасіретке қалсын.
Кісі есітсе хикметті жаныменен
Шығар жаны иманыменен.
Құлаққа алмайды бұл сөзді надан,
Оны адам деме жынысы хайуан.
Құдайдың сөзінен шыққан бұл хикмет,
Есіткенге жағар, оған көп рахмет.
Менің хикметімді кім тұтса бекем.
Құдай қылғай оны әркез уайымсыз.
Кірер жаннат ішіне көңілі тоқ.
Құдайым оларға берер шадман, уайым жоқ.
Менің хикметтерім Хақтың мадағы,
Ғашық жандардың дертінің дауасы.
Менің хикметтерім Алланың мүлкі,
Таң мезгілінде десе, Алла өзің кешір.
Қарғыс атқан шайтан тұтынбас бұл жолды.
Мұхаммед Мұстафа алғай қолды.
Пайғамбар үмбетім деп мөрін соғар,
Әзәзілді құдайымның өзі тоқтатар.
Менің хикметтерімді дертсізге айтпа,
Бағасыз гауһарымды наданға сатпа.
Йасауи хикметінің құдіретіне батқын.
130
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Нағыз ғашықтың шарабынан бір тамшы татқын.
Нағыз ғашықтың шарабынан бір тамшы татқай,
Құдайдың Елшісіне біржола барғай.
(« Йасауи Қожа Ахмет. Хикметтер /Жалпы ред. басқарған
Достарыңызбен бөлісу: |