Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет5/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195
кітап тарбие туралы

1. Тәрбие генезисі туралы жалпы 
түсінік. Тәрбие адамның және адам-
зат қоғамының дүниеге келгенінен 
бастап пайда болды. Бала тәрбиесі 
адамзат қоғамының дамуымен бай-
ланысты жалпы мәңгілік ұғым болып 
табылады. Қоғам бар жерде тәрбие 
де болады. Тәрбие қоғам қажеттілі-
гіне байланысты. Тәрбие ұрпақтар 


9
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
асырылды. Сонымен қатар балалар-
ды рудың дәстүрлерімен, діни түсі-
ніктерінің ережелерімен таныстыр-
ды.
Алғашқы қауымдық құрылыста 
отбасы болмаған кезде балалар руға 
ортақ болды. Балаларды тәрбиелеу 
мәселесімен ру мүшелерінің ерекше 
тәжірибелі, құрметті адамдары, ақ-
сақалдар айналысты. Кейіннен мо-
ногамиялық отбасы пайда болғанда 
балаларды тәрбиелеу мәселесімен 
отбасы айналысты. Дегенмен, отбасы 
тәрбиесінің нәтижелерін ру, тай-
паның ақсақалдары бақылап отырды. 
Бұл кезде тәрбие тапсыз сипатта бол-
ғандығы өзінен-өзі түсінікті болды. 
Тәрбие талаптары барлық балаларға 
бірдей дәрежеде кеңінен тарады.
Қоғам дамуының алғашқы са-
тысында, алғашқы қауымдық құ-
рылыс кезінде адамдардың өмір жағ-
дайлары өте ауыр болды, сондықтан 
да адамдарға өмір сүру үшін бәрі бір-
ге болу, тек қана ұжымдық түрде бо-
лып еңбек етудің қажеттілігі байқал-
ды. Бұл қоғамда бәрі ұжым болып 
еңбек етті, әлеуметтік теңсіздік, тап 
деген болмады, адамдар ортақ үйлер-
де тұрды және бала тәрбиелеу ісі де 
барлық руларға ортақ болды.
Тапсыз қоғамда барлық балаларды 
бірдей тәрбиеледі, өздеріне лайықты 
іс-әрекетке ерте қатыстырды. Жас 
кезінен бастап олар азық өндіруге қа-
тысты – жеуге болатын өсімдіктерді, 
жемістерді жинады. Жас шамасына 
қарай олар үлкендермен бірге еңбек-
ке араласты. Үлкендермен бірге және 
олардың басшылығымен балалар мен 
жеткіншектер өмірге қажетті еңбек 
ептіліктері мен дағдыларын меңгер-
ді. Қыз балалар мен ер балалардың 
тәрбиесінде кейбір ерекшеліктер 
болды. Жоғарыда айтылғандай, ер 
балалар ерлермен бірге балық аулау-
мен, аңшылық кәсіппен айналысты, 
оларды күресе білуге, садақпен ата 
білуге, ептілікке баулыды; қыз бала-
лар үй шаруасына әйелдерге тамақ 
даярлауға, киім тігуге, ыдыс-аяқ жа-
сауға қатысты. Барлық балаларды 
жануарларды күтуге, егіншілікпен 
айналысуға үйретті, қолөнердің да-
муымен оларды өнерге баулыды.
Жекеменшіктің, құлиеленушілік-
тің және моногамиялық отбасының 
пайда болуымен алғашқы қауымдық 
құрылыстың ыдырауы басталды. 
Жеке неке пайда болды. Отбасы ең 
негізгі қоғамдық құрылыстардың бірі 
болды, өз бетімен шаруашылықты 
жүргізді, сонымен қатар бала тәрбие-
сімен айналыса бастады.
Отбасы тәрбиесі тәрбиенің бұқа-
ралық түріне айналды. Пайда болған 
үстем таптар (көсемдер, ақсақал-
дар) ақыл-ой білімін дене еңбегінен 
бөлуге ұмтылды. Алғашқы білімнің 
негіздерін (жер өлшеу, өзендердің 
тасуын алдын ала түсіндіру, адамдар-
ды емдеу тәсілдері және т.б.) өзде-
рінің қолдарына жинақтап, оларға 
өз үстемдігін жүргізді. Ой еңбегі 


10
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
мен дене еңбегінің арасында айыр-
машылықтар байқала бастады. Осы 
білімнің алғашқы түсініктерін оқыту 
үшін арнаулы мекемелер (мектептер) 
ұйымдастырылды. Дене еңбегімен 
негізінен бұқара халықтың балалары 
айналысты. Ондай отбасыларда бала-
лар еңбекке ерте араласты, ата-аналар 
өз тәжірибесін үйретіп отырды. Мек-
тептерде жүргізілетін ұйымдасқан 
тәрбие бірте-бірте үстем тап өкілде-
рінің ісі бола бастады.
Қоғамдық ортада тәрбиенің пай-
да болуы туралы мәселені ғалымдар 
бірнеше бағытта сипаттайды. Бұл 
мәселені түсіндіруде ғалымдардың 
арасында әр түрлі көзқарастардың 
болуына қарамастан, алғашқы адам-
дардың экономикалық өмірі мен 
еңбек әрекетінің және қоғамдық да-
мудың ең алғашқы даму сатысында 
бала тәрбиесінің арасында өмір сүр-
ген тығыз байланысты жоққа шыға-
ру көзқарасы тән. Еуропа ғалым-
дарының тәрбиенің пайда болуы ту-
ралы кейбір тұжырымдары адамның 
дамуы жайындағы вульгарлық-эво-
люциялық түсініктердің ықпалымен 
қалыптасқан, ол негізінен тәрбиенің 
әлеуметтік мәнін жоққа шығаруға, 
оның үрдісін биологияландыруға 
алып келеді деген ұстанымда болды.
Жануарлар дүниесіндегі жи-
нақталған нақты материалдарға не-
гіздей отырып, аға ұрпақтың кейінгі 
ұрпаққа қоршаған ортаға бейімделу 
дағдысын беру қамқорлығын осы 
тұжырымдамалардың жақтаушылары
Ш. Летурно, А. Эспинас, т.б. жану-
арлардың инстинкт жағдайындағы 
іс-әрекетін алғашқы адамдардың 
тәрбиелік тәжірибесімен бірдей деп 
қарастырады және тәрбиенің негі-
зіне адамдардың ұрпақ жалғастыру 
инстингті ұмтылыстарына жатады, 
табиғи сұрыптау заңдылығы әрекет 
етеді деген теріс қорытынды жа-
сайды. Тәрбиенің пайда болуының 
негізгі шарты алғашқы қоғамдағы 
адамдардың еңбек іс-әрекеті және 
қалыптасқан қоғамдық қатынастар 
болып табылады. 
Тәрбиенің пайда болуы туралы 
әлемдік ғылымда бірнеше тұжырым-
дама ұсынылады. Ондай көзқарастың 
дәстүрлі түрлерінің біріне эволюция-
лық-биологиялық теорияны (Ш. Ле -
турно, Дж. Симпсон, А. Эспинас) жә-
не психологиялық теорияны (П. Мон-
ро) жатқызуға болады.
Эволюциялық-биологиялық тео-
рияның өкілдері алғашқы қауымдық 
құрылыс кезіндегі адамдардың тәр-
биелік іс-әрекетін жоғары сатыдағы 
жануарлардың ұрпақ қалдыру ту-
ралы инстинкті қамқорлығымен бай-
ланыстырады. Белгілі ғалым П. Мон-
ро негіздеген психологиялық теория 
бойынша, тәрбиенің пайда болуын 
балаларда санасыз инстинктің үлкен-
дерге еліктеуінің байқалуы деп тү-
сіндіреді. Екі теорияда бір-біріне ұқ-
сас тұжырым қалыптасты: алғашқы 


11
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
тәрбиенің пайда болуы оның ортаға 
бейімделуі деп түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет