4. Тәрбие процесінің мәні. Ба-
ланың ұжыммен және қоғаммен қа-
тынастарының жүйесін құру, педа-
гогикалық жағдайлардың, тәрбиелік
әсерлердің нәтижесін талдау, жоспар-
лау жұмысын реттеу; тәрбие процесі-
нің жобасын құру және жүзеге асыру;
тәрбиелік ықпалдарды реттеу және
оларға түзетулер енгізу; қорытынды,
есепке алу және бақылау негіздерін
құрайды. Тәрбие диалектикасы –
сыртқы ықпалдан (объективті) адам
санасына (субъективті) өтіп, іс-әре-
кет барысында көрінетін құбылыс.
Адамның қоғамдық санасының қа-
лыптасуында әлеуметтік іс-әрекеттер
маңызды роль атқарады, ал тәрбие
процесінде сыртқы және ішкі қара-
ма-қайшылықтар ықпал етеді.
Сыртқы қарама-қайшылықтар:
– қоғамдық ережелер мен адам-
дардың тәртібі арасындағы сәйкессіз-
дік;
– мұғалімнің талабы мен оқу-
шының тәртібінің арақатынасы.
15
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
Ішкі қарама-қайшылықтар:
– тәрбиешінің талабы мен тәрбие-
ленушінің мүмкіндігінің арақатынасы;
– тәрбиеленушінің қажеттілікте-
рі мен қанағаттандыру тәсілдерінің
арақатынасынан тұрады.
Бала тәрбиесіндегі мұндай қара-
ма-қайшылықтардың негізгі шешімін
табу педагогикалық процесті ұтымды
ұйымдастырумен сипатталады.
5. Тәрбиенің зандылықтары
мен принциптері. Педагогикалық
құбылыс пен үрдіс арасындағы бай-
ланысты заңдылықтар деп атайды.
Тәрбие қоғамның әлеуметтік-эко-
номикалық жағдайына, демократи-
ялық принципті іске асыруға, адам
құқығын қорғау мәселелеріне тығыз
байланысты болуымен сипатталады.
Осы заманғы тарихи жағдайларға
байланысты халықаралық қауымдас-
тық дүние жүзі тарихында халық-
аралық стандарт болып табылатын
жалпыадамзаттық құндылықтар мен
адамның негізгі құқығы, бостан-
дығы ашылып көрсетілген («БҰҰ
адам құқығының жалпыға бірдей
декларациясы», «Бала құқығының
Конвенция сы») құжаттары жасалды.
Олар осы заманғы тәрбие теориясы
мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары
мен рухани құндылықтарға жаңаша
бағыт береді. Қазақстан Республи-
касының «Білім туралы» Заңына сәй-
кес бұл құжаттар еліміздің білім са-
ласындағы мемлекеттік саясатының
негізі болды.
1. Тәрбиенің оқыту мен білім бе-
рудің сапасына байланыстылығы.
Оқыту – тұлғаны қалыптастыру
құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі
және әдісі тәрбиеленушілердің даму
дәрежесіне байланысты іріктеледі.
2. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу
бірлігі. Жеке адамның дамуы мен
қалыптасуында белсенділіктің ролі
зор. Іс-әрекет барысындағы белсен-
діліктің түрлері: қарым-қатынас бел-
сенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі
тәрбиелеу белсенділігі. Қарым-қа-
тынас белсенділігі тұлғаның мі-
нез-құлқын, жүріс-тұрысын қалып-
тастырады.
Таным
белсенділігі
зат тар мен құбылыстардың мәнін,
ғы лыми ұғымдар мен заңдылықтар-
ды терең түсінуге, оны тәжірибеде
қолдана білуге үйретеді. Егер ересек
адамдар балалардың сұрақтарын қос-
тап, таным белсенділігінің дамуына
бағыт беріп отырса, онда олардың
талпынғыштық және бақылағыш-
тық қасиеттері қалыптасады. Өзін-
өзі тәрбиелеу белсенділігі, тәрбиеші
өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ын-
тасын оята алғанда тәрбие жұмысы
нәтижелі жүреді.
3. Педагогикалық процестегі
ұжым мен жеке адамның өзара бай-
ланысы. Ұжымның басты борышы –
әрбір адамның шығармашылық өсуі-
не қамқоршы болуымен сипатталады.
Ал тәрбиенің принципі дегеніміз –
адамның іс-әрекетінде басшылыққа
16
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
алатын алғышарты, негізгі ережесі.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ
тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсіл-
дерін және ұйымдастыру жүйесінің
іргетасын қалайтын негізгі қағида-
ларына негізделеді:
1) Тәрбиенің идеялылығы мен мақ-
саттылығы. Тәрбиенің негізгі мақ-
саты – дені сау, ұлттық сана-сезімі
оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,
мәдениетті, парасатты, ар-ожданы
мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа
да игі қасиеттері қалыптасқан адам-
ды тәрбиелеу. Мектептің бүкіл іс-әре-
кеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет
етуі керек.
2) Жас ұрпақты іс-әрекет пен
қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу –
балаларды ақыл-ой әрекетімен қа-
тар іскерлікке машықтандыру, өнім-
ді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен
бала, тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үл-
кен мен кіші арасындағы қарым-қа-
тынасты өзара сенімге, қайырым-
дылыққа, имандылыққа, бір-біріне
сый-құрметпен қарауға негіздеу, тәр-
бие барысында психологиялық үйле-
сімділік ахуал туғызу, жас ұрпақтың
өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық
сезімін дамыту.
3) Тәрбие барысында жеке тұл-
ғаға қойылатын талап пен көрсеті-
летін құрметтің бірлігі. Жаңашыл
ұстаз Құмаш Нұрғалиев: «Мұғалім
мен оқушы арасында үзілмейтін ал-
тын желі болуы тиіс. Ол баланың
ұстазына деген сенімі, мұғалімнің
баланы сүюі», – деген болатын. Тәр-
биеленушіні құрметтеу және оған та-
лаптар қою – баланың мықты және
әлсіз жақтарын біліп, оның өсуіне қа-
жетті жағдайлар жасау. Талап қоюдан
оқушыға құрмет, күші мен қабілетіне
деген сенім көрінеді. Мұғалім оқушы
бойынан рухани қасиетті жобалап,
оған сүйеніп, оқушының өз тәжірибе-
сін дамытуына көмектесу керек. Тәр-
биелік ықпалдардың тізбектестігі,
жүйелілігі, үздіксіздігі болуы қажет.
Тәрбие тәжірибесі балаларға қойыла-
тын талап пен педагогикалық ықпал
бірлігі қажет екенін дәлелдеді. Ұрпақ
тәрбиесінің нәтижелілігі тәрбие ме-
кемелеріндегі талаптың бірлігімен,
іс-әрекеттің сабақтастығымен бай-
ланысты қарастырылады.
4) Оқушылардың жас және же-
ке-дара ерекшелігін есепке алу. Оқу-
шылардың жеке ерекшелігі – ден-
саулығы, ақыл-ойы, адамгершілік
қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жа-
уабы, қабылдауы, т.б. Біреулері өзі-
нің байсалдылығымен ескертулерді
дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне ке-
рісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан
оқушылардың тәрбиелік дәрежесін
дер кезінде анықтап отыру қажет.
Тәрбие жұмысының барлығы білім
мен сенімнің, сөз бен істің үздіксізді-
гі негізінде құрылады.
Баланың ішкі мүмкіндіктерінің
ашылуы адамдардың сүйіспеншілік
сезімі мен қарым-қатынасына бай-
ланысты. Баланы тең адам санап,
17
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
оған еркіндік бергенде ғана ол өз
пікірін ашық айта алады, үлкендер-
дің балаға деген құрметі олардың
сенімін арттырады. Бастауыш сынып
оқушыларының өзіндік санасы жа-
ңа қалыптасып келе жатқандықтан,
олар негізінен мұғалімнің ықпалын-
да болады. Жасөспірімдер жедел
дамып келе жатқандықтан, тәрбиесі
бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-
өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады.
Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәр-
биелеу – тәрбие жұмысындағы же-
текші принциптердің бірі. Мұны
екі түрлі көзқарас тұрғысынан қа-
рау керек. Бірі – ұжымдық тәрбие
қоғамның негізгі қаруы. Бала берік
ұйымдасқан, ынтымақты, әлеуметті,
рухани таза ұжымда болуы қажет.
Екіншісі – тәрбиеленушінің педагог
ықпалымен, көзқарасымен шекте-
ліп қалмауы. Педагог-тәрбиеші қо-
сарланған ұғымына белгілі педагог
А.С. Макаренко қарсы болып, оны
ұжымның жан-жақты тәрбиелік
әсерімен бекітуді ұсынған. Бірле-
скен іс-әрекетте, орынды ұйым-
дастырылған ұжымдық жұмыстарда
өзара тәуелді, жауапкершілікті қа-
тынастар туындайды, баланың тәжі-
рибе және ұжымдық өмір дағдыларын
жинау процесі жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |