Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет6/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195
кітап тарбие туралы

2. Педагогика классиктері-
нің тәрбие мақсаты туралы ой-
пікір лері. Тәрбие қоғамның негізгі 
қызметтерінің бірі, жеке адамды мақ-
сатты, жүйелі қалыптастыру проце-
сі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі 
буынға меңгертіп, олардың сана-сезі-
мін, жағымды мінез-құлқын дамыту-
шы үрдіс болып табылады. Ересек 
буын қоғамдағы тарихи өмірде жи-
нақталған тәжірибені, білімді жас 
буынға тәрбие процесі арқылы бере-
ді. Тәрбие материалдық игіліктерді 
өндіруге қабілетті, іскер адамдарды 
дайындауға бағытталуы қажет. Басты 
өндіруші күш жеке тұлға болып та-
былады. Адам жүйелі түрде күрделі 
қатынастарға араласып, қоғамдағы 
қалыптасқан идеяны, саяси және мо-
ральдық көзқарастарды, сенімдерді 
қоғамдағы адамдардың өмір сүру 
тәртібін меңгереді. Педагогика ба-
ланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін 
қорытып, тәрбие және даму үшін қа-
жетті жағдайларды анықтайды. Олай 
болса, тәрбие – қоғамның тарихи, 
әлеуметтік-экономикалық жағдайла-
рынан туатын объективті процесс. 
Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр 
әл-Фараби: «Адамға ең алдымен бі-
лім емес, тәрбие берілуі керек. Тәр-
биесіз берілген білім – адамзаттың 
қас жауы», – деген болатын. Демек, 
қазіргі қоғамда бірінші адамға тәрбие 
берілуі керек. Тәрбие бар жерде тәр-
тіп пен мәдениет қалыптасады. 
Тәрбие процесінде бала өзінің да-
муына қажетті жағдайларды пайда-
лануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік 
орта оның көзқарасын дамытады. 
Мақсат дегеніміз – бір нәрсеге ұм-
тылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан 
алғанда, тәрбие мақсаты – жастарды 
өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізі-
летін тәрбие жұмыстарының нәти-
жесі. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі 
мемлекеттің саясаты мен экономи-
касына тәуелді. Тәрбие мен қоғам 
бір мезгілде пайда болды. Тәрбие –
қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам іл-
гері дамымайды. Алғашқы қауым-
дық құрылыста ересектер балаларды 
еңбекке дағдыландыру үшін қауым-
ның әдет-ғұрпын, салтын үйретті. 
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын 
анықтау қоғамның ең негізгі мақ-
сатына айналды. Құлиеленушілік 
қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс 
құралдары (жер, еңбек құралдары) 
құл иеленушілерінің жеке меншігі 
болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеле-
нушінің мүддесіне бағындырылып, 
балаларды соғыс өнеріне тәрбиеле-
ді. Әрбір мемлекетте балаларға білім 
беру мен тәрбиені ұйымдастырудың 
нақтылы мәселелері мен әдістері қа-
растырылады. Осыған сәйкес, мұға-
лім қандай тұлғаны қалыптастыра-
тынын дәл білуі керек. Орыс педа-
гогі К.Д. Ушинский өз қызметінің 
айқын мақсатын көрмейтін тәрбие-
шіні құрылыс материалдарын бір 


12
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
жерге үйіп тастап, одан не алғысы 
келетінін білмейтін архитектормен 
салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа 
берілетін білім, іскерлік, дағдыны, 
тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспар-
лы, мақсатты тәрбие жұмысын жүр-
гізеді.
Чех педагогі Я.А. Коменский: 
«Тәрбие мақсаты және міндетте-
рі, маңызы, жүзеге асыру жолдары 
адамның қоғамда алатын орнымен 
анықталу керек», – десе, енді бір пікі-
рінде: «Келесі ғасырдың қандай бола-
тындығы сол ғасыр үшін тәрбиелен-
ген азаматтарға байланысты. Дүние 
даналардың көптігімен бақытты», – 
деген идеясын айтты. Осы ойларын 
«Аналар мектебінің» кіріспесінде 
өрбітеді. Ғалымның ойынша «Тәрбие 
– адамды қалыптастыратын және же-
тілдіретін үйлесімді процесс». 
Я.А. Коменский тәрбие мақсатын 
төмендегідей негізгі элементтерге 
бөлді:
• адамға барлық заттарды білгізу – 
«ғылыми білім»;
• қоршаған ортаға ізгілік қатынас – 
«адамгершілік»;
• құдайға құлшылық ету – «діни 
тәрбие»;
• тән саулығы – «дене тәрбиесі».
Әлемге танымал швейцар педагогі 
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты 
балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-
ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты 
және үйлесімді дамыту қағидаcын 
ұсынады. Неміс педагогі А. Дистер-
вег педагогикалық мәселелерді ше-
шудегі сословиелік және шовинистік 
саясатқа қарсы күресіп, «Мектептің 
міндеті – адамзатты және өз халқын 
сүйетін саналы азаматтарды тәрбие-
леу» деген құнды пікірлерімен педа-
гогика тарихында оның есімі алтын 
әріптермен жазылған болатын. Яғни 
тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, 
адамгершілігі жоғары тұлғаны тәр-
биелеу деген ойды жетілдіре түседі. 
Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, 
еңбек тәрбиесімен тығыз байланыс-
ты қарастырады. Белгілі педагог 
П.П. Блонский тәрбие мақсаты балаға 
жалпыадамзаттық және ұлттық мә-
дениетті меңгеруге көмектесу, жеке 
тұлғаның жалпыадамзаттық идеал-
дарын қалыптастыру деген болатын.
1941-1990 жылдардағы педаго-
гикалық әдебиеттерде «жан-жақты 
дамыту» ұғымына ақыл-ой, поли-
техникалық, оқу және өндірістік 
еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене 
және эстетикалық тәрбие салалары 
енгізілді. КСРО педагогі А.С. Ма-
каренко тәрбиенің мемлекеттік мін-
деті негізінде педагогикалық мін-
дет қойып, педагогтардың жұмы-
сын бақылауға алуға болатындығын 
атап көрсетті. Ол «Тәрбиенің негізгі 
мақсаты баланы жан-жақты дамы-
ту» деген ұсынысты қолдады, ал 
В.А. Сухомлинский оны жүзеге асыр-
ды. Тәрбие мақсаты туралы озық 
идеялар қазақ халқының ағарту-


13
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
шылары мен ойшылдарының еңбек-
терінде негізгі орынға ие болды. 
Қазақ халқының ағартушы-педаго-
гі Ыбырай Алтынсариннің «өмір-
дің негізгі мәні – еңбек, ол адамның 
адамгершілік қасиетін жетілдіреді, 
өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш 
адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, 
мағынасыз бейнетқорлық адамның 
жігерін мұқалтады, өз еңбегінің 
қызығын көре білу – кісіліктің басты 
белгісі» деген кемел ойының өзіндік 
орны ерекше болып табылады. Ал 
Абай Құнанбайұлы «талап, еңбек, 
терең ой, қанағат, рақым» сынды 
жеке тұлғалық жақсы қасиеттер-
ді қалыптастыру мақсатын қойып, 
«өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, 
бекер мал шашпақ» деген секілді зи-
янды әдеттерді жоюға шақырады. 
Қазақ халқының біртуар азаматы 
Мағжан Жұмабаев: «Көркем денелі, 
түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл таба-
тын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы 
үн, әдемі түрден жақсылық пен ізгі-
лік алып, жаны толқынарлық болса, 
баланың дұрыс тәрбие алып, шын 
адам болғандығы», – деп келтіреді.
Ғалым Мәтжан Тілеужанов өзі-
нің «Қазақ тағылымы» атты моно-
графиясында қазақ тағылымының 
негізгі бағыттарын атап көрсетті. 
Олар «ар-ождан тазалығын сақтау; 
ақыл-ойлы, парасатты болу; бар-
лық әрекетінен – сөйлеген сөзінен, 
қарым-қатысынан, көзқарасынан ғиб-
рат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш 
жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иман-
ды, инабатты, қайырымды болу; жас 
ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; 
халық дәстүріне берік болу; оны 
жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нәрсе-
лерден алулақ болу; сегіз қырлы, бір 
сырлы болу; халқының рухына кір 
салмау; ел берекесін сақтап, оның 
баюына үлес қосу. Сонымен, дәстүр-
лі педагогикада жас ұрпақты тәрбие-
леудің негізгі мақсаты «жан-жақты 
үйлесімді дамыған жеке тұлғаны 
қалыптастыру» деп көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет