14
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
ниеге көзқарас – ғылым негізінде дү-
ниенің даму заңдылықтарын танып
білу.
Ақыл-ой
тәрбиесі – оқушылар-
дың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми
көзқарасын қалыптастыру, ғылыми
білім жүйесін меңгертуге бағытта-
лады. Ақыл-ой тәрбиесінің басты
міндеттері:
оқушыларды табиғат
және қоғам жайындағы ғылыми бі-
лімдермен қаруландыру; ойлау қабі-
летін жетілдіру арқылы (абстрактілі,
ой операцияларын талдау, синтездеу,
салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.)
таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды,
бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау,
т.б.) дамытып,
ғылыми көзқарасын
қалыптастыру. Адамгершілік тәрбие-
сінің міндеттері: ізгілік, адалдық, ба-
тылдық, төзімділікті қалыптастыру;
адамға
сүйіспеншілік,
құрмет,
қайырымдылық сезімін дамыту; оқу-
шыларды өз міндетіне, өзгенің мүд-
десіне байыпты қарауға үйрету; өз
Отанын сүюге, мемлекеттің рәмізде-
рін құрметтеуге тәрбиелеу.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мін-
деттері: оқушыларды іскерлікке,
еңбек дағдысына үйрету; оқушылар-
ды
халық шаруашылығының бас-
ты салаларымен, еңбек түрлерімен
таныстырып, мамандық таңдауға
тәрбиелеу; озық еңбек дәстүріне тәр-
биелеу.
Эстетикалық тәрбие міндеттері:
бейнелеу өнері (кескіндеме, графика,
мүсін), көркемөнер шығармашылығы
(көркем әдебиет, музыка, театр,
кино) арқылы баланың сезімдері
мен талғамдарын дамытып, сұлулық
туралы ұғымдарын қалыптастыру;
эстетикалық
құралдарды пайдала-
нуға дағдыландыру; әсемдікке өз
үлесін қосуға тәрбиелеу.
Дене тәрбиесінің міндеттері: оқу-
шылардың ағзасын дамыту; жастар-
ды еңбекке,
Отанын қорғауға даяр-
лау; төзімділікке, батылдыққа, епті-
лікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: