Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет14/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   195
кітап тарбие туралы

Жеткіншек балаларды дамыту 
және тәрбиелеу ерекшелігі. Анато-
миялық тұрғыдан қаңқа сүйегі мен 
бұлшық етінің жедел жетілуіне бай-
ланысты моторлық аппараттың қайта 
құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне 
әкеліп соғады, сондықтан дене тәр-
биесін дұрыс ұйымдастыру керек. 
Жеткіншектік кезеңнің шектері шама-
мен орта мектептің 5-8 сыныптарына 
сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 
жасқа дейінгі аралықты қамтиды. 
Жеткіншектік кезеңнің баланың да-
муындағы ерекше орны оның «өт-
пелі», «бетбұрыс», «қиын» кезең де-
ген атаулармен бейнеленген. Бұл ең 
тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас ке-
зеңі болып табылады. Жеткіншектің 
жеке басы дамуының аса маңызды 
факторы оның өзінің ауқымды әлеу-
меттік белсенділігі, ол белгілі бір үл-
гілер мен игіліктерді игеруге, үлкен-
дермен, жолдастарымен қарым-қа-
тынас орнатуға бағытталады. Жет-
кіншектік кезеңнің маңыздылығы 
адамның жеке басының моральдық, 
әлеуметтік негіздерін қолданып, 
қалыптасуының жалпы бағытының 
белгіленуі. Бұл кезеңдегі дамудағы 
биологиялық және әлеуметтік жағ-
дайлардың ролі туралы теориялық 
пікірталас жарты ғасырдан астам 
уақыттан бері болып келеді. Жеткін-
шектер дамуындағы ерекшеліктер әр 
түрлі теорияларға негіз болды. Жет-
кіншектік шақтың басында балалар-
дың сырт пішіні, мінез-құлқы ере-
сектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, 
көп жүгіреді, алысып-жұлысып тен-
тектіктер жасайды, әлі де бала бола 
жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің 
жеке басындағы басты жаңа құрылым 
өзі туралы «енді бала емеспін, ере-
секпін» деген түсініктің пайда бо-
лып, өзіне жұрттың осылай қарауын 
тілейді. Мектеп пен оқу жеткіншек-
тердің өмірінде үлкен орын алады. 
Оқу қызметіндегі олқылықтардың 
сырттай көріну дәрежесі әр түрлі бо-
луы мүмкін. Жеткіншектер білімді, 
әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты 
ұйымдастыра білетін мұғалімдерді 
бағалайды. Мұғалімнің міндеті оқу 
материалдарын қайталау арқылы 
мағынаны есте сақтауға үйрету бо-
лып табылады. Жеткіншектік шақ – 
болашақ туралы балалық армандар-
дың орнына өзінің мүмкіндіктері мен 
өмір жағдайларын ескере отырып, ол 
туралы ойлану басталатын, өз ниеті, 
іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтыла-
тын кезең екендігін үнемі қаперде 
ұстауымыз қажет. Сананың дамуы 
баланың өз бетімен тәуелсіз талап-
тануын тудырады. Олар отбасында, 
мектепте еңбек процесіне араласады, 
күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрі-
сі кеңиді. Бұл жастағы бала намысқой 
келеді, үлкендер бақылауын, әкім-


34
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
шілік шараларды ұнатпайды. Кейде 
түсініспеушілік осындайдан да ту-
ады. Олардың мінезінен шындықты 
байқау ға тырысуы үлкендер мен ба-
лалар арасында түсініспеушілік туғы-
зады. Үлкендердің ойланбай асығыс 
шешім қабылдауы балаға зиян кел-
тіруі мүмкін. Бұл жастағы балалар 
өнегелі адамдық істерімен масатта-
нады. Осы тұрғыдан баланың мінезін 
тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін 
дамыту, мұқтаждары мен тілектерін 
қамтамасыз ету дұрыс педагогикалық 
ойларға негізделуі керек. Осы ерек-
шеліктерді есепке ала отырып, тәрбие 
жұмысын тиімді ұйымдастыру керек. 
Жеткіншіктер қоғамға пайдалы істер-
ге ықыласты, ұжымшыл, жолдастық, 
достық сезімге бай, кітап оқуға, ки-
нофильмдер көруге ынталы болып, 
спортты ұнатады. Әдебиет жеткін-
шекке азаматтардың қарым-қатына-
сының мәнін, сезімдерін ашып, өз се-
німдерінің дұрыстығына жауап іздеу-
ге үйретеді. Саз әуені – адам сезімі-
нің әміршісі, толқу үстіндегі адамға 
түсінікті, сондықтан сазға баса көңіл 
бөлу жеткіншектің тәрбиесіне көмек-
теседі. Жеткіншектермен жұмыстағы 
негізгі педагогикалық идеал – ба-
ланың іс-әрекетте жетістікке жетуіне 
жағдай жасау. Баламен жеке жұмыс 
жүргізу, әдептілік сақтап, педагоги-
калық шыдамдылық, ұстамдылық 
көрсету жеткіншектің қалыптасуы-
на тікелей ықпал етеді. Дұрыс та-
мақтанып, таза ауада жиі болу, көп 
қозғалу (ойын, дене жаттығулары, 
спортпен айналысу) дене тәрбиесіне 
көмектеседі. Дене тәрбиесі мұғалімі 
және жаттықтырушы баланың бет 
әлпетінің, қолының, ернінің түсін 
үнемі қадағалау керек. Бұл жұмыс са-
бақтың басындағы және соңындағы 
қан тамырының соғысын тексерумен 
толықтырылады, жеткіншектер жиі 
тыныс алатындықтан, тыныс алуын 
басқаруын үйрету керек. Жеке гигие-
на, ұйқы, тамақ, демалыс, белсенді 
еңбек іс-әрекетіне жағдай жасайды. 
Шамадан тыс жұмыс жалпы да-
муын тежейді. Дене тәрбиесі арқылы 
жүрек-қан жүйесін жаттықтыру, дене 
жаттығулары, спорт, дене еңбегі 
үшін дәрігерлік және педагогикалық 
бақылау өте пайдалы. Маскүнемдік-
ке жол берілмеу керек. Дене тәрбие-
сі және спортпен айналысу зейіннің 
дамуына әсер етіп, оның көлемін 
көбейтеді, зейіннің бір нәрседен екін-
шіге бөлінуіне әсер етеді. Тәрбиеші-
нің міндеті – еңбек, спорт іс-әрекетін, 
ерік-жігер сапаларын оқушы бойын-
да қалыптастырумен сипатталады. 
Мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар 
мақсатқа жетудегі сенімділігін, же-
тістігін атап көрсетіп, қауіп-қатерден 
сақтандырып, дер кезінде көмекке 
келіп, жеткіншекті өз кемшіліктері-
нің себептерін түсіндіруге үйретеді. 
Жеткіншектердің 
қалыптасуында 
жолдастарының қоғамдық пікірі үл-
кен роль атқарады. Мораль мәсе-
лелерін талдау және адамгершілік 


35
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
тақырыбындағы пікірсайыстардың 
әсерінен өмірдің мәні, өз болашағы, 
мамандығы туралы, өз беделі ту-
ралы ойланатындықтан, мұғалім бұл 
мәселелерді шешуге пәрменді түрде 
көмектесіп, күнделікті іс-қылықтар-
дың адамгершілік мәнін ашуға көмек-
теседі. Ересек адамдар бала тәрбие-
сіне ерекше көңіл бөліп, әр баламен 
ойланып жұмыс істеу керек. Сәнге 
сәйкес киінгені, музыка тыңдағаны 
үшін баланы сөгу дұрыс емес. Жет-
кіншектермен өзара әрекеттің негізгі 
тәсілдері: онымен бірге іс-қылықтар-
ды, оқиғаларды талдау, баға бергізу, 
өзін-өзі талдауға, өз мінез-құлқын 
басқаруға үйрету. Осы жаста адам-
ның мінез-құлқы және басқа да жеке 
басының негіздері қалыптасады. 
Міне, осы кезеңде жеткіншектер-
мен жасалатын тәрбие жұмысында 
кемшіліктер айқын көріне бастайды. 
Соңғы кездері жеткіншектер тәртібі-
нің төмендегенін байқауға болады: 
а) ата-анамен келіспеушілік жағдай-
да болу; ә) мектептегі қиындық пен 
сәтсіздік; б) тәртібі қиын құрбы-дос-
тарымен байланыс орнату және т.б. 
себептермен байланысты.
Отбасы жағдайы, ата-ананың кәсі-
бі, материалдық жағдайы, білім дең-
гейі жеткіншектің өмірдегі жолын 
айқындайды. Ата-ананың саналы
мақсатты тәрбиесі бала өмірінде үл-
кен роль атқарады. Отбасындағы 
жақсы қарым-қатынасты жоғалту, 
мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топ-
тағы құрбыларымен жақындық әр 
түрлі жолдарға итермелейді. Отбасы, 
мектеп, құрбы-құрдастар тобы –
барлық жеткіншектердің нағыз та-
биғи ортасы, ең маңызды қоғам-
дық факторы. Демек, баланың мі-
нез-құлқының қалыптасуына отбасы 
ерекше әсер ететіндіктен, оның көп 
қырлы, жан-жақты болуы отбасына 
байланысты. Педагогикалық, әлеу-
меттік жағынан жіберілетін әлсіздік, 
оқу жүйесіндегі сәтсіздік – ауытқы-
малы мінез-құлықтың қайнар көзі. 
Жеткіншектің мінез-құлқындағы ауыт-
қулар көбіне туа пайда болмайды
олар отбасындағы және мектептегі 
дұрыс тәрбие бермеуден пайда бо-
лады. Осы атап көрсетілген ауытқу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет