Негізгі әдебиеттер:
1. Педагогика: Учебник /И.Ф. Харламов. – Минск, 2002. – 560 с.
2. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогиче-
ских колледжей /Под ред. П.И. Пидкасистого. – Москва, 2004. – 608 с.
38
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
3. Педагогика: Оқу құралы. /Жалпы ред. басқарған А. Құдиярова. – Алматы: Дарын,
2004. – 448 б.
4. Жарықбаев Қ.Б. Психология. – Алматы, 1993. – 198 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Дарын,
2004. – 152 б.
2. Педагогика: теории, системы, технологии: учебник для студ. высш. и сред. учеб.
заведений / С.А. Смирнов, И.Б. Котова, Е.Н. Шиянов и др; под ред. С.А. Смирнова. –
7-е изд.. – М.: Издательский центр «Академия», 2007. – 515 с.
3. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. – Алматы, 2001. – 240 б.
1.3. Жеке тұлғаның
дүниетанымы
Жоспары:
1. Дүниетанымның мәні және оның
түрлері, типтері, қызметтері.
2. Дүниетанымның құрылымы.
3. Жеке тұлға дүниетанымының
қалыптасу процесінің заңдылықтары.
4. Дүниетанымның қалыптасу
жолдары мен құралдары.
Негізгі ұғымдар: дүниетаным,
дүниеге көзқарас, әлеуметтік орта,
көз қарас, сенім, әлеуметтік бағдар-
лау.
Басқа пәндермен байланысы:
философия, әлеуметтану, психоло-
гия, физиология, педагогика тарихы,
этнопедагогика.
1. Дүниетанымның мәні және
оның түрлері, типтері, қызметте-
рі. Дүниетаным – бұл ақиқат дүние-
ге және ондағы тұлғаның алатын
орнына, оны қоршаған болмысы-
на және өз-өзіне қатынасына деген
көзқарастар жүйесі, сонымен қа-
тар адамдардың осы көзқарастар
арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік
ұстанымдары, наным-сенімдері, мақ-
сат-мұраттары, таным мен қызмет
принциптері,
құндылық
бағыт-
тарынан тұрады. Дүниетанымды
қалыптастыру – тек жеке тұлғаның
ғана емес, сонымен қатар белгілі бір
әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың
жетілуінің елеулі көрсеткіші. Бола-
шақтағы болмыс шынайылығының
тәсілдерін аңғара отырып, дүние-
таным өзіне өмірлік қағидаларды
енгізеді, адамдардың іс-әрекетінің
сипаттамасымен байланыстырады.
Дүниетаным қоғамның жалпы
және жоғарғы ойлау сатысы болып
табылады. Ол өз түрлеріне тән бірне-
ше элементтерден қалыптасады (фи-
39
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
лософия, ғылым, эстетика, мораль,
т.б.) олардың қатарында философия-
лық, ғылыми, саяси, адамгершілік
және эстетикалық көзқарастар үлкен
роль атқарады.
Философиялық көзқарастар және
сенімдер бүкіл дүниетаным жүйе сі-
нің негізін құрайды. Философи яның
өзі таным қызметтерінің ұтым ды-
ұғымды мәнерін және дүниетаным
бағдарын негіздейді: ол ғылыми де-
ректер мен тәжірибе жиынтығын те-
ориялық тұрғыда ұғындырады және
шындық бейнесін объективті және та-
рихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.
Ғылыми білім дүниетаным жүйе-
сіне ене отырып, адамды қоршаған
әлеуметтік және табиғи орта шын-
дығына бағыттау мақсатында, сон-
дай-ақ шындыққа қатысты тиімді-
лікке, адасулар мен ескілік көзқа-
растардан арылуға қызмет етеді.
Адамгершілік қағидалар мен өлшем-
дер адамдардың мінез-құлқы мен
өзара қарым-қатынасын реттеуге
және эстетикалық көзқарастармен
бірге қоршаған ортаға қарым-қа-
тынасын анықтауға, іс-әрекет түрле-
ріне, мақсаттары мен нәтижелеріне
қызмет етеді. Білімнің, тәжірибенің
және көңіл күй бағамын жалпылай
отырып, адамның қоғамдық тұрмыс
ерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның
дүниетанымы мен тарихи айқын
жүйесінің бүкіл өмірлік және іс-әре-
кетінің бағытын анықтайды. Егер
дүниетаным объективті көзқарастар-
дың дамуын бейнелесе, адам ойла-
уының және қоғамның, табиғаттың
заңдарын ғылыми тұрғыда тануға не-
гізделсе, онда ол барлық адамзаттың
қызығушылығының және ақиқатты
өзгертудің күшті құралы болып та-
былады. Дүниетаным когнитивтік
танымдық көзқарас тұрғысынан
сипатталса, онда ол объективті дү-
ниені соншалықты дұрыс және терең
бейнелейді, ол шын және жалған,
ғылыми және абстрактілі, материа-
листік және идеалистік түрде болуы
мүмкін. Ғылыми дүниетаным объек-
тивті нақты болып табылады. Ғылы-
ми дүниетаным дүниенің ғылыми
бейнесіне, ғылыми талдаулар негі-
зінде жасалған қорытындылар мен
негіздеулерге, табиғи және қоғам-
дық құбылыстардың дамуын сипат-
тайтын, себеп-салдарын теориялық
ұғынуларына сүйенеді. Ғылыми дү-
ниетаным алдын ала көрудің, сол
және одан да басқа құбылыстардың,
процестердің дамуын және оларды
саналы түрде басқаруға мүмкіндік
береді. Барлық берілген ғылымдарға
дұрыс түсініктемені тек қана диалек-
тикалық және тарихи материализм
береді, яғни адамды танымды дұрыс
түсініп-білуі, әлеуметтік өмірдің
және табиғи құбылыстардың өзгеріс-
тері арқылы сипатталады. Ғылыми
дүниетаным негіздеріне сыртқы қор-
шаған ақиқат дүниеге бағдарлануы,
қоғамдық қатынастар жүйесіндегі
өзінің өмір сүруінің маңыздылығын
40
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
түсінуі, өз өмірін саналы түрде құ-
руға деген терең әлеуметтік қажет-
тіліктері жатады. Оқушылардың
ғылыми дүниетанымы ғылыми-фи-
лософиялық білімдерді, қазіргі ғылы-
ми жаңалықтарды, сонымен бірге
шынайы дүниетанымдарының жалпы
әдістер жүйесін, шынайы дүниені
түсіндіру деректерін, әдіснаманы
бірізділікпен меңгеру нәтижесінде
қалыптасады. Қоғамның, ойлаудың,
табиғаттың даму заңдылықтары және
мәнін түсіндіруші дүниетаным идея-
ларының жиынтығы оқушылардың
дүниетанымында көзқарас, сенім,
ұсыныс, болжам, аксиома, жетекші
идеялар, әр түрлі жаратылыс және
қоғамдық процестерді, құбылыстар-
ды түсіндіре отырып, ғылыми негізін
құраушы сол және басқа ғылымның
нақты ұғымдары ретінде бейнелене-
ді.
Ғылыми дүниетаным негізіне дү-
ниені түсіну, дүние туралы белгілі
ғылымдардың жиынтығы жатады.
Дүниетаным тек қана білімді мең-
геру процесінде ғана емес, сонымен
бірге ғылыми емес, қарапайым көз-
қарастарды жеңу нәтижесінде қалып-
тасады. Ол қоғамның жаңаруына,
қоғамдық және жаратылыстану ғы-
лымдары дамуына сәйкес жетілу
үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа
ғылыми деректер, қоғамдық және
жаратылыстану ғылымындағы зерт-
теулер нәтижесі жаңа қоғамдық тәжі-
рибелермен толықтырылып, нақты-
ланып, бұрыннан қалыптасқан көзқа-
растар мен ойлау стеротиптерінің
өзгеруіне алып келеді.
Аксиологиялық көзқарас тұрғы-
сынан оқушылардың дүниетанымы
оның іс-әрекетіне байланысты сипат-
талады. Ол оптимист немесе песси-
мист, белсенді шығармашыл немесе
баяу мазмұнды болуы мүмкін. Оқу-
шылардың дүниетанымын психоло-
гиялық тұрғыдан сыртқы дүниенің
оның санасында бейнелеуінің жалпы
жүйесі ретінде емес, меңгерген ғылы-
ми түсініктер, өлшем, баға жүйесі
ретінде, сонымен бірге психикалық
іс-әрекет өзінің тәрбиесінде және
дүниеге деген өзінің қатынасын рет-
теу үшін дүниетанымдық мақсатта
бейнелерді пайдалануға бағытталған
іс-әрекет пен қабылдаудың таным
операциясының жүйесі ретінде қа-
растыру қажет.
Тұлғаның дүниеге әлеуметтік
бағдарлау процесі «Мен-тұжырым-
даманы» жүзеге асырушы қызмет
атқарады. Басқа әр түрлі заттармен
салыстырғанда, инвариант бола оты-
рып «дүниетанымдық» іс-әрекет,
мақ саты, мотвациясына және опера-
циялық механизмінің құрамы бойын-
ша өзіне тән ерекшелігі болады. Оны
жүзеге асыру әлеуметтік бағдарлау-
дағы жеке әдісті қалыптастыру бо-
лып табылады, яғни қоғамдық тәжі-
рибенің ғылыми білімдер жүйесіне
белгіленген және жеке тұлғаның
әлеуметтік талаптар мен нәтиже-
41
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
леріне, тәрбиесіне мақсатты түрде
бағытталуына сәйкестігін қамта-
масыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |