132
Органикалық шыны (полиметилметакрилат)
мөлдірлігі жоғары,
жарыққа төзімді, қатысты жеңіл материалдан тұрады. Ол уақыт өте
бұлдырламайды, сарғамайды, сынғыш болмайды, атмосфералық
ықпалмен жақсы қарсыласады, икемді және
бұл қасиетті тіпті төмен
температураларда да сақтайды. Органикалық шыны соғылмайды;
оның кемшілігі – шағын тығыздық, сондықтан ол жеңіл сырылады,
бірақ сырылуларды жылтырату арқылы жоюға болады. Оны
жарықөткізгішті қоршаулар үшін және қалқандар үшін, терезелерді,
есіктерді шынылау, шамдар және қоғамдық және өнеркәсіпік
ғимараттардың
сыртқы жарығы, жылыжайлар үшін пайдаланылады.
Органикалық шыныны қоршаған орта температурасы ұзақ уақыт бойы
+60 °С аспайтын болса, оны қолдануға болады.
Ұялы поликарбонат босденелі полимерлі табақтан тұрады, оның
ішкі құрылымы ұяшықтар немесе ара ұясына ұқсас болып келеді
(сурет 13.3), оның жуандығы мөлдір және түсті нұсқаларда - 4... 25 мм.
Ол соққыға төзімді қасиеттерге ие болады және шыныдан 200 есе
берік және 16 есе жеңіл болып келеді. Ұялы поликарбонат үзілісті
деформацияда жарықшақтардың болмауымен және деформацияның
өзімен сипатталады: адам бұл материалды механикалық бұза
алмайды. Тығыздығы мен икемділігін үйлестіріп,
ұялы поликарбонат
әртүрлі конфигурацияның табақтарын қалыптастыруға, сонымен қатар
профильді панельдерді құруға мүмкіндік береді; дыбыс және
жылуоқшаулағыш сипаттарға ие. Ол өндірістік аудандарды, спорт
ғимаратарын шынылау үшін және жарықөткізгішті құрылымдарды
құру үшін пайдаланылады.
Сурет 13.3. Ұялы поликарбонат
133
Өңдеу материалдары —полимерлі материалдардың кеңейтілген
тобы: табақ, тақтайша, орама, профильді-бойлық және т.б.
Сәндік қағазды-қатпарлы пластик (СҚҚП) крафт-қағаздың және
сәндік қағаздың бірнеше қабаттарын ыстық тығыздау арқылы
алынатын, жылуреактивті полимерлермен бітелетін табақ материалдан
тұрады. Кез-келген түстегі бет бірреңді немесе кескінді болуы мүмкін
(ағаш, тас, мата және т.б). Металды
фольганы пайдалану арқылы
пластик өндіріледі, нәтижесінде әртүрлі беттік бедері бар тиімді
металдық табақтар пайда болады. Олар тығыз, бірақ табақтық
металмен салыстырғанда өте жеңіл.
СҚҚП сыртқы жағын әдетте негізгі тұтас желімдеу кезінде
бұдырлы етіп жасайды. Қағазды-қатпарлы
пластик пластмассалар
үшін беттік тығыз, тозуға төзімді, жылуғатөзімді болып келеді,
қатпарланбайды. Көбінесе оны жиһаздар мен есіктерді қаптау үшін,
қабырғаларды, қалқандар мен төбелерді тұтас қаптау үшін
пайдаланады.
Ағаш-түтікті өңдеу тақтайшалары синтетикалық шайырлармен
бітелген түкті материалдарды ыстықтай тығыздау әдісімен өндіреді,
олар негізді берік және қиын жанатындай етеді. Панельдер өлшемі
—
1,22 х 2,44 м; жуандығы — 3...6 мм.
Беттік жағынан берік жабын
жағылады, сол арқылы табиғи ағаш, тас, басқа да жасанды және
табиғи материалдардың фактурасын дәл жеткізеді және жоғары
ылғалтөзімділікті, жылутөзімділікті қамтамасыз етеді. Бұл жабын
сонымен бірге, сырылулардан, агрессиялы
құралдар әрекеттерінен
қорғайды және тозуға төзімді болады. Панельдердің сыртқы түрі әдемі
(түстері мен фактуралары әртүрлі). Оларды ылғалдылығы жоғары кез-
келген ішкі мекемелерді өңдеу үшін қолдануға болады: ванна, душ
бөлмесі, ас-үй және дәретханалар, кір жуатын орындар үшін.
Поливинилхлоридті панельдер (ПХП) — экструдирлеу арқылы
өндірілетін өңдеу материалы. Қабырғаларының арнайы құрылымы
панельдердегі үлкен тығыздықты қамтамасыз етеді. Оларды пайдалану
мерзімі шексіз және жанбайды, 100%-дық ылғалтөзімділікке ие,
коррозияға, шіруге ұшырамайды. ПХП панельдерінің кез-келгені өзінің
құрамында мыңдаған оқшауланған ұяшықтардан тұрады, солар арқылы
панельдер айтарлықтай жылу және дыбыс оқшаулаушы қасиеттерге ие
болады (сурет 13.4).