137
Екі жайматөсемді дайындауда екіқабатты линолеумдер үнемді болып
келеді (біреуі – түсті кескіні бар беттік қабат үшін, екіншісі –
пигментсіз және механикалық сипаттамалары төмен астарлы). Одарды
бірге жинайды және өңдеп үтіктейді.
Негізгі линолеумді дайындауда армирленген шыныкенеп
қолданылады, ол барлық кенеп үшін «қаңқа» рөлін атқарады. Масса
жағу әдісімен шыныкенепті негізгі жағылады. Осылайшы, линолеум
көпқабатты болады және гетерогенді деп аталады. Ол жағылған бояу
кескінінен басқа, мөлдір қорғау қабатына ие болады. Бұл қабат оның
пайдаланудың жоғарғы қасиеттерін және қызмет етудің ұзақ мерзімін
қамтамасыз етеді (ол жуан болған сайын, линолеумнің тозуға
төзімділігі де жоғары болады).
Табиғи тасқа, ағаш жыныстарына, мозаикалық бетонды едендерге
ұқсас көптүсті линолеумдер шығарылады. Негіз ретінде кендір
маталар, киіздер қолданылады, олар линолеумге жылуоқшаулағыш
қасиеттер береді. Ұқсас бұйымдарды көбіктенген полимерлі массаны
қағаз немесе мата негізіне жағу арқылы қосымша беттік бедерлеумен
алады. Линолеум төсемін бөлме өлшеміндегі кілемді алу үшін жоғары
жиіліктегі тоқтармен, ыстық ауамен немесе инфрақызыл сәулелермен
цехтарда дәнекерлейді, осылайша отығызу кезінде түйісті тігістерді
болдырмуға болады. Бұл материалдарды қозғалыстың орташа
қарқындылығындағы әртүрлі мекемелердің едендерін жабу үшін
қолданады.
Резиналы линолеум (релин) тозуға төзімді және сәнді жоғарғы
қабаты бар екіқабатты орама материалдан тұрады. Төменгі қабатты
ұсақталған ескі резинадан және талшықтасы бар битумнан
дайындайды, ал жұқа және берік жоғарғы қабатты синтетикалық
каучуктан дайындайды. Релинді бір немесе бірнеше түсте шығарады
(мәрмәр тәрізді). Суға және түске төзімділігі жоғары; тозуға төзімділігі
де жоғары, дыбыс өткізгіштігі шағын, химиялық тұрақты және жоғары
диэлектрлі қасиеттерге ие. Оны ылғалдылығы жоғары тұрғын-үй,
қоғамдық және өнеркәсіптік мекемелерде едендерді жабу үшін
қолданады.
Ковролин (кілем жабыны) — майда қайталанатын түсті кескіндері
бар ұзындығы шектеусіз орама материал. Ол мекемеге тұтастай
төселеді. Ковролин дыбысты жақсы жұтады және жылуоқшаулағыш
қасиеттерге ие.
|