Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет101/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   145
сәулеттік материалтану

129
 
Сурет 13.1. Пластмасса бұйымдарын өндіру тәсілдері:
а
— қысыммен құю; 
б
— бумен өңдеп үтіктеу; 
в
— тығыздау; 
г
— құю; 
д
—сығып 
құю
Қысыммен құю — пластикалық массаларды тұтқыр аққыштық 
күйге дейін қыздырып, формаға қысып шығару арқылы қалыптау. 
Осылайша полистиролды қаптама тақталарын, құбырларды 
байланыстыру бөлшектерін дайындайды. 
Жылуқалыптау — қыздырылған белгілі температураға дейін 
пластмасса 
дайындамаларын 
бұйымдарға 
өңдеу. 
Осылайша 
жұқақабырғалы санитарлы-техникалық бұйымдарды алады: ванналар, 
шұңғылшалар. 
Дәнекерлеу арқылы көптеген термопласттарды біріктіреді.


130
 
Желімдеуді жылупластикалық және жылуреактивті полимерлерді
байланыстыру үшін қолданады. Суық және ыстық қатаю желімдерін 
пайдаланады. 
Полимерлер негізінде техникалық және сәндік қасиеттерінің үлкен 
диапазоны бар бұйымдардың кең номенклатурасы шығарылады, бұл 
функциялар бір материалда жиналады. Бұл пластмассаларға дәстүрлі 
құрылыс материалдарымен бәсекелесуге мүмкіндік береді, оларды 
пайдаланудың дағдылы облыстарынан ығыстырады. Полимерлі 
материалдар 
заманауи 
құрылыстың 
барлық 
салаларында 
– 
мекемелердің ішкі жабдығынан бастап, жаппа, жылуоқшаулағыш және 
құрылымды 
материалдар 
алдына 
дейін 
қолданылады. 
Пластмассаларды пайдалану ағашты және табиғи тасты үнемдейді, 
сонымен бірге физикохимиялық, пайдалану және бұйымның сәндік 
қасиеттерін арттырады. 
Құрылымдық-өңдеу 
пластмассаларының 
ішінде 
кең 
таралғандары: шыныпластикалар, ағашқабықты пластикалар, ағаш-
жоңқалы және бағытты-жоңқалы тақтайшалар, органикалық шынылар. 
Шыныпластикалар армирленетін толтырушыдан – шыны түтіктен 
және байланыстырғыш синтетикалық шайырдан тұрады. Олар жоғары 
тығыздылыққа ие (қысу кезіндегі тығыздық шегі 90 МПа, созылу 
кезінде - 60...450 МПа құрайды), жоғары коррозиялық төзімділікке ие, 
мөлдір немесе бояулы түрде шығарылуы мүмкін. Оларды жазық және 
толқынды табақтар түрінде, профильді бұйымдар түрінде (құбырлар, 
бұрыштар, швеллер) дайындайды және жарықөткізгіш қоршаулар мен 
қалқандар, жарық шамдары және т.б үшін қолданылады. 
Ағаш-қабықты пластикалар — пластмассалардың әртүрлілігі, 
оның толтырушысы ретінде қайың, қандыағаш, бүк ағашының ағаш 
қабыршағы рөл атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет