Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет109/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   145
сәулеттік материалтану

140
 
Кумаронды 
және 
кумарондыполивинилхлоридті 
тақтайлар 
бірқабатты, бірреңді немесе мәрмәр тәрізді шығарылады. Олар жеткілікті 
тығыздыққа, төзімділікке, әлсіз қышқылдардың, сілтілердің, 
қысқамерзімді әрекеттеріне төзімді, жылуөткізгіштігі шағын, жақсы 
жуылады. Мұндай тақтайлар өнеркәсіптік және қоғамдық ғимараттардың 
қосалқы мекемелерінің едендеріне қолданылады. Оларды ылғалды және 
жану режиміндегі мекемелерде пайдалану ұсынылмайды. Тақтайларға 
толтырғыштар түріндегі талшықтас жатады, сондықтан соңғы кездері 
олар өздерінің әйгілілігін жоғалта бастады. 
Олардың орнына кварцвинильді тақтайлар келді – поливинилхлорид 
негізінде құрылатын және 60 % кварц құмынан тұратын көпқабатты жабын. 
Осыған байланысты тақтайлар өзінің өлшемдерін жоғалтпайды және еденде
саңылаулар қалыптастырмайды, отқа төзімді, бетонға ұқсас жүктемені 
қабылдайды. Олар ыстық тығыздау әдісімен өндіріледі; сонымен бірге, 
гранит, мәрмір, құм тас, сүректің әртүрлі жыныстарының текстурасына 
ұқсас болады. 
Винильді тақтайлар жылтыр, күңгірт, сонымен бірге кедір-бұдырлы, 
өздігенен желімденетін және қарапайым болып бөлінеді. Олар тұрғын-үй 
және коммерциялық мекемелерде (жеке тұрғын-үйлер мен пәтерлер, кеңсе 
және медицина орталықтары, мекемелер, банктер, вокзалдар, әуежайлар
супермаркеттер, мейрамханалар және т.б). Оларды тіпті қойма және 
өнеркәсіптік мекемелерде пайдалануға болады. 
Еденді жабын ретінде тақтайлардан басқа ламинат паркеті кеңінен 
қолданылады. Ол тақта немесе көпқабатты құрылымдағы төртбұрышты 
тақтайша түрінде болады, жылжымалы едендер технологиясы бойынша 
жөнделеді, яғни, негізге бекітілмейді, арнайы құлыптық немесе 
тарақтық қосылыстар бойынша жиналады. Ламинат негізі - ағаш-
талшықты тақта, оның тығыздығы өте жоғары. Ол материалға тығыздық, 
беріктік, геометриялық параметрлердің өзгермеушілігін береді. Оның 
үстіне бағалы жыныстардан, мәрмәр, граниттен, керамикалық тақта 
ағашынан жасалған паркет сияқты кескіні бар қағаз қабаты 
жабыстырылады (сурет 13.6). Тек жыныс текстурасы ғана емес, беттің 
кедір-бұдырлығы да ұқсатылады.
Ламинатта кескіні бар қағаздың үстіне акрил немесе меламин 
шайырынан жасалған қорғау қабаты жағылады, кейде қаттылықты 
күшейту үшін корунд қоспасы қолданылады. Бұл қабат ламинаттың 
тозуғатөзімділігін, 
дақтарды, 
химикаттарды, 
күн 
сәулелерінің 
әрекеттерін қабылдамауын қамтамасыз етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет