139
Қатты кедір-бұдырлы жабын сырғуды тоқтатады. Оны жууға болады.
Арнайы өңдеу аллергендердің, бактериялар мен шаңдардың жиналуын
тоқтатады. Флокирленген беттегі конденсат жиналмайды.
Бұл технологияның тағы бір артықшылығына флоктың бай түсті
гаммасы жатады, ол өзіне табиғатта бар барлық түстерді кіріктіреді.
Флокирленген жабын жеңіл төсем арқылы сипатталады, тігістерді
дәнекерлеуді талап етпейді. Пайдалану саласы: сауда және ойын-сауық
орталықтары, мейрамханалар, қонақ-үйлер және демалыс үйлері, кеңсе
мекемелері, дәліздер.
Тақтайлы материалдар едендер үшін төртбұрышты,
тікбұрышты
немесе
фигуралы,
біртүсті
және
көптүсті,
тікбұрыштардың қырларымен немесе тығын және тарақтарымен,
тегіс немесе бедерлі болуы мүмкін, ал бастапқы шикізат түрі
бойынша поливинилхлоридті, фенолитті, резиналы және кумаронды,
түкті жабынды болады. Тақтайларды пайдалану кескіндері және
түрлері бойынша әртүрлі едендерді алуға болады, ал еденнің
зақымданған бөліктерін жөндеу оңай.
Поливинилхлоридті тақтайлар бір және бірқабатты, бірреңді
және мәрмәр тәрізді шығарылады. Көпқабатты едендердегі төменгі
және ортаңғы қабаттар әртекті материалдан, ПХП қоспаларынан
тұрады, бұл едендік жабынға икемділік береді, оны жылы етіп, жабу
деформациясын уақыт ете ығыстыруға мүмкіндік береді. Осы
қабаттарға фотобаспа көмегімен табиғи материалдарға ұқсас
суреттер (кескіндер) жағылады, одан кейін тақтайлар мөлдір ПХП-
мен жабылады, бұл бедермен кескіннің тозуға төзімділігін
арттырады. Поливинилхлоридті тақтайлар қосалқы мекемелердің,
дәліздердің, сантехникалық блоктардың және ас-үйлердің едендер
үшін қолданылады.
Резиналы тақтайларды бір немесе екіқабатпен, мәрмәр тәрізді
шығарады. Олар төмен дыбыстық және жылулық өткізгіштен, гидро
және қышқылтөзімділіктен тұрады, икемді, серпімді, қажалуға,
жылуға
төзімді
болады.
Резиналы
тақтайлар
жоғары
гидроқшаулаушы қасиеттерге ие, ылғалдылығы жоғары қоғамдық
және өнеркәсіптік мекемелер едендеріне қолданылады.
Фенолитті тақтайлар бірқабатты және бірреңді етіп
шығарылады. Олар жоғары гидро, қышқыл, суық және жылутөзімді,
механикалық тығыздығы жоғары. Фенолитті тақтайлар бу өткізбейді,
сынапты буларды қабылдамайды. Жоғары химиялық тұрақтылық
талап етілетін цехтар мен зертханаларда пайдаланылады.
|