142
Винильді ламинат қазіргі таңда екі нұсқада ұсынылған: HDF
винильді панельдері (ағылшын тілінен High Density Fibro- board –
жоғары тығыздықтағы ағаш тақтайшасы) – жуандығы 5...10 мм дағдылы
ламинат болып табылады, әртүрлі винильді жабындысы және тоз астары
бар HDF
тақтайшасынан тұрады; винильді суға төзімді ламинат –
сыртынан стандартты ламинаттың қарапайым тақтасы, бірақ оның негізі
винильдің сыртқы жабыны бар композиттік пластиктен тұрады (сурет
13.7). Екі нұсқа да сүрек, тері, цемент, металл сияқты көптеген сыртқы
қабаттарға ие болуы мүмкін, олар фотобаспа және нақты фактура
арқылы шығарылады. Бұл материалдардың тығыздығы жоғары және
тозуға төзімді,
жақсы эстетикалық, пайдалану сипаттарына ие.
Достарыңызбен бөлісу: