166
Қатты негіздегі борпылдақ дыбысжұтқыштар дыбысты жеке
тесіктер арқылы жұтады, мұнда ауа бөлшектерінің үйкелуі орындалады.
Материал борпылдақтығының деңгейі жоғары болған сайын, дыбысжұту
әсері де күшейеді. Оларға кеуекті бетондар, көбікшыны, минералды
материалдардан жасалған тақталар (пемза, вермикулит), сонымен бірге
сүрек және синтетикалық талшықтар, минералды мата, шынымата
негізіндегі талшықты жазық тақталар жатады.
Ойықталған бұйымдар ойықталған гипс, гипсокартон, металл және
фанерден жасалған сыртқы экранмен жабдықталған талшықты тақталар
құрылымынан тұрады.
Мембраналы
бұйымдар қатты және берік мембраналар
энергиясының шығынына байланысты дыбыс деңгейінің төмендеуіне
ықпал етеді. Бұл ағаш панельдері, фанерлі табақтар, тығыз картон,
жиектерде бекітілген және қабырға бетінен бірнеше қашықтықта
орналасқан кейбір маталар.
Дыбысжұтушы материалдар талшықты, түйірлі немесе кеуекті
құрылыстан тұрады және беріктіктің әртүрлі деңгейіне ие болуы мүмкін
(жұмсақ, орташа қатты, қатты).
Жұмсақ материалдар синтетикалық байланыстырғыштың минималды
шығыны бар минералды және шынымақта негізінде дайындалады. Оған
орташа тығыздығы 70 кг/м
3
дейін болатын орамдар мен мақталар жатады,
олар әдетте ойықталған табақты экранмен үйлесімде (алюминий,
талшықтастыцемент, қатты поливинилхлорид) немесе борпылдақ
қабатпен қолданылады. Қазіргі таңда музыкалық студиялар үшін
акустикалық поролон белсенді қолданылады, ол қағаз түрінде
шығарылған материал, бір беті пирамидтер немесе толқындармен
жасалған (сурет 14.12, в).
Орташа қатты материалдарға орташа тығыздығы 130 кг/м
3
дейінгі
минералды немесе шыныталшықты тақталар, сонымен қатар, орташа
тығыздығы 180...300 кг/м
3
ағаш-талшықты тақталар жатады. Тақталар
беті борпылдақ бояумен немесе қабатпен жабылады. Бұл топқа
кеуекті
құрылыстан
тұратын,
борпылдақ
пластмассалардан
жасалатын дыбысжұтушы тақталар кіреді (көбікполиуретан,
полистиролды пенопласт және т.б).
Талшықты құрылымдағы қатты материалдар «Акминит» және
«Акмигран» тақталары түрінде минералды мақта негізінде дайындалады.
Тақта беті боялған және әртүрлі фактурадан тұрады (жарылған, бедерлі,
ізбедерлі); орташа тығыздығы — 300. 400 кг/м
3
; орташа жиіліктегі
дыбысжұту коэффициенті — 0,6.0,7. Сонымен бірге, дөңгелек тесіктері
бар 1/3 жуандықтағы тесілген ағаш-талшықты тақталар, ойықталған
және
жиектері
кесілген
гипсокартонды
қағаздар,
сыртжағы
дыбысжұтушы қабатпен жабыстырылған тоқылмаған жаймалар
қолданылады (сурет 14.12, г).
|