Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет129/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   145
сәулеттік материалтану

170
 
Қазіргі таңда құрылыста синтетикалық лак-бояу материалдары
эмульсиялық бояулар және жаңа минералды бояу заттары қолданыла 
бастады. Осыған байланысты табиғи майлар (кендір май) негізіндегі 
бояуларды пайдалану кенет қысқарды. 
Пигмент ретінде бояу құрамдарын дайындауда қолданылатын түсті 
заттар аталады. Олар байланыстырғыштарда, суда, ерітіндіде ерімеуі 
керек. Пигменттер табиғи және жасанды болып бөлінеді. Жасанды 
пигменттер, өз кезегінде минералды, металл және органикалық болып 
бөлінеді. Құрылыста минералды пигменттер көбірек пайдаланылады. 
Табиғи минералды пигменттерді түсті тау жыныстарын ұсату арқылы 
алады; ал жасанды пигменттерді минералды шикізатты химиялық өңдеу 
арқылы алады. 
Толтырушылар 
– пигменттерді үнемдеу мақсатында және 
атмосфераға, қышқылға, отка төзімділікті, беріктікті жақсарту 
мақсатында қолданылатын жұқасдисперсиялы минералды заттар. 
Толтырушылар ретінде тальк, каолин, шақпақ тас, ұсақталған құм
талшықтас, диатомит, трепел және т.б. қолданылады.
Пластификаторлар тұтқырлықты төмендету және жабындарға 
иілгіштік беру мақсатында лактарға, бояуларға, шайырларға қосылатын 
сұйықтықтан тұрады. 
Ерітінділер — жоғарытұтқырлы көбіктудырушы материалдарды 
қалыпты консистенцияға дейін жеткізуге арналған ұшпа сұйықтар (уайт-
спирт, ацетон және т.б). 
Сиккативтер өсімдік майларының қатаюын күшейтетін майлы 
қышқылдар тұзынан тұрады. Сиккатив қалдығы жабынның қызмет ету 
ұзақтығын төмендетеді. 
15.1.2. 
Лак-бояу материалдарының жіктелуі
 
Лак-бояу жабыны бірнеше жұқа қабаттардан тұрады (сурет 15.1):
■ 
топырақ қабаты (негіз капиллярларын толтыруға және оны біртекті 
етуге арналған);
■ 
майлау қабаты (боялатын беттегі тереңдіктерді толтыру үшін);
■ 
сылау қабаты (беттерді тегістеу үшін);
■ 
бір немесе бірнеше бояу қабаттары үшін;
■ 
бояу қабаттарын қорғаушы жабын қабаты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет