Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет128/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   145
сәулеттік материалтану

167
 
Сурет 14.12. Дыбысжұтушы материалдар:
а, б
— акустикалық фибролит; 
в
— акустикалық поролон; 
г
— тесілген 
гипсокартон
Қазіргі таңда акустикалық тақталар және көбіктенген меламиннен 
жасалған панельдер (ашық борпылдақты көбік материал), акустикалық 
фибролит (сурет 14.12, а және б) және соларға ұқсас материалдар 
қолданылады. Қатты материалдардың әртүрлілігі – құрамына 
борпылдақ толтырушылар, ақ және түсті портландцементтер кіретін 
сылақ ерітінділері (көбіктенген перлит, вермикулит, пемха). 
Материалды таңдау акустикалық режимге, маөсаты және мекеменің 
сәулет ерекшеліктеріне тәуелді болады. 


168
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. 
Қандай материалдар жылуоқшаулағыш деп аталады? Олар 
қандай мақсатта қолданылады?
2. 
Қандай белгілері бойынша жылуоқшаулағыш 
материалдарды жіктейды? Олардың құрылымдарының 
ерекшеліктері қандай?
3. 
Минералды шикізат негізіндегі материалдарды атаңыз және 
сипаттаңыз.
4. 
Табиғи органикалық шикізат негізіндегі материалдарды 
атаңыз және оларды пайдалану ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
5. 
Қандай жылуоқшаулағыш материалдар полимерлер
негізінде шығарылады? Олар қандай қасиеттерге ие?
6. 
Қандай материалдар акустикалық деп аталады, оларды қайда 
пайдаланады?


169
 
15 Бөлім 
ӨҢДЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ 
15.1.
ЛАК-БОЯУ МАТЕРИАЛДАРЫ
 
15.1.1. 
Лак-бояу материалдарының құрамы мен 
қолданылу мақсаты
 
Лак-бояу материалдары ретінде құрылым бетіне жұқа қабатпен 
жағылған тұтқырсұйық құрамдар (кейде ұнтақтар) аталады, қатаюдан 
кейін жабысу күшімен ұсталатын қабықша туындайды. Бұл қабықшаны 
лау-бояу жабыны деп атайды, ал боялатын материал төсем деп аталады. 
Бұйымдар немесе құрылымды атмосфера, бу және газ әрекеттерінен 
қорғау үшін, коррозиядан, шіруден, жанудан қорғау үшін, құрылыс 
құрылымдарының пайдалану сипаттарын жақсарту және қызмет 
көрсету мерзімін арттыру үшін лак-бояу материалымен жабады. Лак-
бояу материалдары фасадтардың, тұрғын-үй және өнеркәсіптік 
ғимараттардың ішкі көріністерінің көркемдік-сәулет айқындығын 
арттыру мақсатында кеңінен қолданылады. Олардың басқа да 
мақсаттары болуы мүмкін: психологиялық (көңіл-күйді құру, 
болжамды қауіптілік туралы хабарлау), санитарлы-гигиеналық ( 
тазалауды жеңілдету, дезактивация), бүркемелі және т.б. 
Лак-бояу материалдарының құрамына кіреді: байланыстырғыш 
(көбіктудырушы) 
заттар, 
пигменттер, 
толтырушылар, 
пластификаторлар, ерітінділер, сиккативтер, қоспалар. 
Байланыстырғыш заттар лак-бояу жабындыларының көбіктудыруын 
және негізін құру. Олар өзара пигменттер бөлшектерін боялатын 
бетпен байланыстырады, және кендір майларға (табиғи, жартылай 
табиғи және жасанды), лактарға, су-желімді және суэмульсиялы болып 
жіктеледі. Байланыстырғыш заттар бояу құрамының негізгі құраушысы 
болып табылады; олар бояу консистенциясын, тығыздық пен беріктікті, 
атмосфераға төзімділікті және жабынның ұзақтығын анықтайды. 
Оларды қатаюдан кейін, жабысулық қасиеттерінің есебімен анықтайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет