21
Сүрек
ақаулары
діңгек
формасының
дефекттері
(без,сүйірлену),сүректің
табиғи
бірдей
емес
жасалуы
(бұтақ,
өзек,крень,бұратыла біткен сүрек), әртүрлі себеп бойынша оның негізінің
біртұтастығынығ бұзылуы (жарықтар, шайырланған қалташалар, құрт
жеген жер, шіріктер), биологиялық химиялық түрдегі боялау
(көгеру,илеу),құрт-құмырсқалармен
зақымданулар, бөтен қосылулар
және т.б. болып бөлінеді.Барлығы 200-ден астам ақаулар бар. Олар тек
қана ағаштың өсуі барысында пайда болмайды,
сонымен қатар, сүректі
сақтау мен өңдеу технологиясының бұзылуында пайда болады, және
ағаш өнімдері мен құрылыстарын дұрыс емес қолдануда пайда болуы
мүмкін.
Бұтақтар шыбықтардың өсуі жерінде пайда болады және сүректің
құнын айтарлықтай төмендетеді. Олар
құрылыстың біртектілігін
зақымдайды және талшықтар мен жылдық қабықтардың қисаюына алып
келеді, ол сүректің механикалық қасиетін төмендетеді, ал кепкеннен
кейін олар негізбен байланысты үзеді және конструкцияны әлсіретеді.
Сонымен қатар, бұтақ тұнық әрлеуге арналған сүрек текстурасының
сыртқы түріне әсер етеді.
Талшықтың еңісі – талшық бағытының
материалдың бойлық
осінен(бұрын қиғаш қабат деп аталған) ауытқуы;барлық түрде
кездеседі.Бұл ақау түріне бұратыла біткен сүрек ( талшықтардың
толқынды орналасуы) мен бұрама (жылдық қабықтардың жергілікті
қисаюы) жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: