178
Нитроэмаль (НЦ маркасы) ішкі және сыртқы жұмыстар үшін
қолданылады. Ол тез кебеді, беті тегіс және жылтырақ болады, қатысты
тығыздылығы жоғары. Көбінесе нитроэмаль металқұрылымдарын бояу
үшін, кейде ағаш беттерін бояу үшін қолданылады.
15.2.
ҚАБЫРҒАЛАРДЫ СӘНДІК ЖАБУ
Қазіргі таңда ғимараттардың сыртқы және ішкі қабырғаларын
өңдеу құрылыстың ажырамас бөлігі болып табылады. Дағдылы
бояулар мен түсқағаздардан басқа әртүрлі сәеді жабындар
қолданылады: мозаикалық және мультиколорлы бояулар, флокты
дисперсиялы жабындар, сұйық түсқағаздар, әртүрлі сәндік сылаулар
және т.б.
Сәндік сылау (итал. stuccatura; stucco — гипс, әктас) — бұл әктас,
гипс, цемент немесе басқа тұтқыр заттар негізінде дайындалған қою
масса, олар қабырғаларға өткізбеушілікті, тығыздықты, бирқилы
дизайнды, заманауи түрді беру мақсатында қолданылады. Сәнді сылау
әртүрлі материалдарды ұқсатады: мәрмәр, табиғи етрі, ескірген тас,
тоқыма және т.б. Беті жылтыр немесе күңгірт болуы мүмкін. Осындай
материалдың негізгі артықшылығына оның жоғарғы эстетикалық
қасиеттері жатады.
Атмосфераға төзімділігі және пайдалану саласы бойынша
сылаулар жүктемелі, ішкі және әмбебап болып жіктеледі;
байланыстырғыш түрі бойынша су және сусыз негізде; фактурасы
бойынша тегіс жұқафактуралы және құрылымдық (бедерлі) болады.
Сулы негіздегі сәндік сылаулар қауіпсіз, себебі оларға зиянды
заттарды шығармайтын полимерлер кіреді.
Венециялық
сылау
әйгілі
және
ескі
жұқафактуралы
жабындылардың бірі болып табылады, олар мәрмәрды, базальт, оник
және басқа жыныстарды ұқсатады. Оны жағу құрамы және техникасы
Ежелгі Римде пайда болды. Мәрмәр сол кезде қолжетімді құрылыс
материалдарының бірі болды. Оны жонды, тегістеді, жылтыратты.
Мәрмәрлы шаң түрінде бірнеше қалдықтар қалады, олардан тігіссіз
жұқақабатты мәрмәрді жасады.
|