176
Лактардың бұл түрі экологиялық таза және өртқауіпсіз болып
саналады. Оның негізіне су жатады, лактарды пайдалану ішкі өңдеу
жұмыстары үшін басым болып келеді. Су негізіндегі акрилды лактар
ерітінділерді бірнеше артықшылықтарға ие, себебі олардың иістері
жоқ, тез кебеді, суда ериді. Олардың иілгіштік және тығыздық
қасиеттері жақсы. Жағу кезінде лак ақшылтым түске ие болады,
кепкеннен кейін мөлдір болады және уақыт өте сарғаймайды.
Бұл лактардың басты кемшілігіне оны жағудағы жоғары талаптар
жатады. Қалыпты кристалдау үшін мекеме ішіндегі ылғалдылық 50 %-
дан кем болмауы керек, бұған әрдайым қол жеткізілмейді, әсіресе қыс
мерзімінде. Сонымен бірге, екіқұрамдастан тұратын акрилды лактар
болады, олардың екінші құраушысына кристалдау уақытында
механикалық жүктемелер кедергісін жақсартатын және айтарлықтай
азайтатын қатайтқыштар кіреді.
Органикалық ерітінділер негізіндегі акрилды лактар қою
консистенцияға ие, қалың жағылады, бірақ қабаты жақсы тегістеледі.
Бұл лактардың иісі өткір болады, себебі скипидар немесе басқа
әмбебап еріткішпен ерітіледі.
Ерітінділер негізіндегі лактар бес топқа бөлінеді: майлы-шайырлы,
майсыз синтетикалық, битумды, спиртті және нитролактар.
Майлы-шайырлы лактар — кептіру майларымен араласқан
органикалық ерітінділердегі синтетикалық шайырлар ерітіндісі.
Оларды ағаш және ашық түстегі майлы бояу бойынша ішкі және
сыртқы жабындар үшін, эмальдер мен лактарды жағу үшін, тұрақты
коррозияға қарсы жабындар үшін, сылақтар мен тегістеулер үшін
қолданылады.
Майсыз синтетикалық лактар — органикалық ерітінділердегі
синтетикалық шайырлар ерітіндісі. Оларды паркетті және тақтайлы
едендерді жабу үшін, ағашжоңқалы тақталардан жасалған едендер
үшін, майлы бояулардың төзімділігін арттыру үшін, құрылымдарды
агрессивті орта әрекеттерінен қорғау үшін қолданады.
Битумды (асфальтті) лактар — органикалық ерітінділердегі
битумдар ерітіндісі. Бұл лактар қара түсті суғатөзімді қабаттарды
береді. Дегенмен, атмосфералы шарттарда мұндай қабаттардың
коррозияға қарсы қасиеттері жоғары емес. Оларды көбінесе шойын
кәріз құбырларын коррозияға қарсы қорғау үшін пайдаланады.
|