47
Бұл материал
су мен ауаны өткізбейді, электрөзгіштігі төмен.
Қысудағы беріктік шегі 700-ден 1000 МПа және одан көпке жетеді;
созуда – 30...60 МПа. Жарықтар, сырықтар созудағы беріктікті төрт-бес
есеге
төмендетеді.Әйнек
соғуға
нашар
қарсыласады.
Ол
жылуөткізгіштіктің төмен көрсеткішімен (0,5... 1,0 Вт/(м • °С))
ерекшеленеді. Әйнек су, қышқыл, тұз, сілті әсерінде жоғары химиялық
тұрақтылыққа ие. Оны тек плавикті және фосфор қышқылдар, сонымен
қатар ыстық сілтілер зақымайды.
Силикатты әйнектер спектрдің
барлық көрінетін бөлігі мен
ультракүлгін пен инфра қызыл сәулелердің кішігірім бөлігін жақсы
өткізеді.Химиялық
құрамды өзгерте отырып, күн және жылу қорғанысты
әйнектер алуға болады.
5.2
.
ӘЙНЕКТЕН ЖАСАЛҒАН ҚҰРЫЛЫС
МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ
Табақ әйнегіне келесілер жатқызылады:
терезе,түрлі-түсті,
көрме,армирленген,өрнекті, күңгірт, күнге қарсы, увиольді,
қауіпсіз
және т.б.
Терезе әйнегі – түссіз, қалыңдығы 2;2,5,3;4; 5 және 6 мм
жылтырамайтын және жылтырайтын бетпен тұнық. Ол терезелер,
витраждар, есіктер, шамдар мен басқа да
ғимарат пен құрылыстрадың
жарық конструкцияларында қолданылады.
Түрлі-түсті әйнекті боялған әйнек массасынан алады.Ол бір
қабатты, массасында толықтай боялған емесе екі біріккен қабаттан
жасалған болуы мүмкін:негізгі, қалың түссіз және жұқа түрлі-түсті.Ол
ғимараттардың жарық
орындарын декоративті әйнектеу, фасадтар мен
интерьерлерді көркембезендіру мен басқа да мақсаттар үшін
қолданылады.
Көрме әйнегі – беті тегіс ірі габаритті түссіз тұнық әйнек. Ол
қалыңдығы 6,5-тен 12,0 мм-ге
дейін жылтырамайтын және
жылтырайтын әйнектен жасалады.
Көрме әйнегі қоғамдық,сауда, әкімшілік және спорт ғимараттарының
көрмелері мен вираждарын әйнектеу үшін қолданылады.
Армирленген әйнек – төртбұрыш немесе алтыбұрыш ұяшықтармен
құрастырылған
металл тордан жасалған әйнек;ол рельефті немесе
өрнекті
суретпен (5.1. сур.) болуы мүмкін.