Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет113/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   145
сәулеттік материалтану

145
 
Бітегіш материалдар (герметика) - паста (мастика), иілгіш 
төсемдер мен ленталар түрінде шығарылатын материаллар. Оларды 
қабырғалы панельдердегі түйістерді бітеу үшін, бетон, металл, 
керамика, шыны бөлшектері арасындағы тігістерді өңдеу үшін 
пайдаланады. Олар температуралық және отырғызу деформацияларын 
қабылдауға қажетті саңылаусыздықты қамтамасыз етуі және тігістер 
арқылы ылғалды өткізбеуі тиіс. 
Пастатәрзідес бітегіш материалдарды полиизобутилен, тиокол 
және силиконды каучиктер негізінде алады. Олар бетонға жақсы 
жабысулыққа ие, суға төзімді және -50 +100 °С температураларында 
өзінің иілгіштігің сақтайды.
Иілгіш төсемдер - борпылдық және тығыз жолақтар және маталар 
түріне ұқсас болады, оларды сығылған күйдегі түйістерге жағады
және түйістердің саңылаусыздығын қамтамасыз етеді. Осындай иілгіш 
төсемдер ретінде гернит, пенополиуретан төсемдері, каучукті тығыздау 
ленталары және т.б қолданылады. 
Полимерлі гидроқшаулаушы материалдар иілгіш болып келеді 
және акрилды, полиуретанды және эпоксидті шайырлар негізінде 
құрылады. Көптеген полимерлі материалдарды құрғақ негіздерге жағу 
керек, бірақ кейбіреулері ылғал бетонды беттерге жағылады. Мұндай 
композициялар белсенді қоспалары бар құраушылардан тұрады, олар 
материалдың ылғал негізге жабысулығын жақсартады. Бұл 
материалдардың су өткізбеу қасиеті жоғары және жабысулық
иілгіштік, негіздегі жарылуларды жасыру қабілеттіктері бар. 
Полимерлі гидроқшаулауды бетонды химиялық ерітінділердің 
агрессивті әрекеттерінен қорғау үшін, көпірлерді, хауыздарды, әртүрлі 
гидротехникалық мекемелерді, террасаларды, едендер мен төбелерді
іргетастарды, еңісті және жазық шатырларды, балкондарды қорғау 
үшін қолданады. 
Гидроқшаулаушы үлдірлі материалдарды поливинилхлоридтен, 
полипропиленнен, полиэтиленнен, синтетикалық каучуктен, ацетил-
целлюлозадан және басқа полимерлерден механикалық және 
пневматикалық созу арқылы дайындайды. Олардың созылудағы 
тығыздығы - 15,0... 17,5 Мпа (сурет 13.9) және орамдар түрінде 
шығарылады. Үлдірлер жуандығы олардың пайдаланылу мақсаттарына 
тәуелді болады және 0,2.2,0 мм құрайды. Механикалық тығыздықтың 
на шыныкенеппен немесе синтетикалық талшықпен армирлеу және
мата немесе қағаз негізін байланыстыру арқылы қол жеткізіледі. 
Оларды пайдалану мақсатына байланысты үлдірлі материалдар 
гидроқшаулаушы, антиконденсатты, букедергілі және әмбебап болып 
бөлінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет