144
Жалғыз және әлі жойылмаған кемшілік – бұл шағын жылу төзімділік
(60 °С жоғары емес), бірақ көптеген жағдайларда ол қағидалы мәнге ие
емес.
Құбырлардың көп бөлігін сығып құю арқылы винипласттан,
полиэтиленнен, полипропиленнен, полиэфирлі шайыр негізінде
шыныпластиктен жасайды. Оларды суық және ыстық сумен
жабдықтауда, кәріз жүйесінде, желдетуде пайдаланады. Полимерлі
құбырларды ғимарат сырттарында және мекемелерде пайдаланады.
Қызмет көрсету мерзімі – 50 жыл.
Санитарлы бұйымдар - ванналар, шұңғымалар, душ кабиналары,
желдетуші торлар, шаю шанашығы, ол қызыл түске ие, суға төзімді,
жеңіл, тығыз, коррозияға және қышқылдар мен сілтілер әрекетіне
төзімді. Олар ерекше күтімді талап етпейді және тазалықта ұстау
жеңіл.
Бұйымдарды
полистирол,
полиэтиленнен,
полиметилметакрилаттен, поливинилхлорид пен поливинилацетат
қоспасынан қыздыру және вакуумдеу әдісі арқылы дайындайды.
Бойлық профильді бұйымдарды көбінесе әртүрлі полимерлер
негізінде сығып құю арқылы дайындайды, көбінесе поливинилхлорид
қолданылады. Оларға плинтустар (ернеуліктер), баспалдақтар тұтқасы,
штапик, маңдайшалар, табақ материалдарын бекітуге арналған
жайылмалар, саңылау жапқыштар жатады. Олар әртүрлі түсте және
фактурада болуы мүмкін, ең бастысы қосымша өңдеуді талап етпейді
және олармен жұмыс істеу оңай, қажетті ұзындық бөлігін кесуге
болады.
Желімдер мен мастикалар полимерлер негізінде әртүрлі
материалдар мен бұйым элементтерін, әртүрлі құрылыс
материалдарынан
жасалған
құрылымдарды
желімдеу
үшін
қолданылады (сүректер, металдар, бетондар және т.б). Бұл желімді
ағаш құрылымдарының өндірісінде маңызды болып табылады.
Желімдер мен мастикалар екі топқа бөлінеді: еден жабындарының
материалдарын, бойлық бұйымдарды желімдеуге арналған және
қабырға, төбе және орнатылған жиһазды өңдеудегі материалдарды
бекітуге арналған. Олардың жабысулық қасиеттері жақсы болып
келеді, температура әрекеттеріне төзімді, биотұрақты, иісі жоқ,
қолайды жайылады және 0,3 ...0,5 мм жуандықта оңай таралады.
Құрылыстық құрылымдарға арналған желімдерді пайдалану
әдістеріне тәуелді үш түрге бөлінеді: суық (16.30 °С
температурасында), жылы (40.90 °С температурасында) және ыстық
(100.160 °С температурасында) қатайту. Байланыстырғышы бойынша
желім фенолды, эпоксиді, каучук, несепнәрлі және полиэфирлі болып
жіктеледі. Мұндай байланыстар -30 +60 °С температураларда қажетті
тығыздықтықты қамтамасыз етеді.
|