Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет73/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   145
сәулеттік материалтану

92
 
8.5.
БЕТОН ҚАСИЕТІ
 
Бетонның негізгі міндеті - ұзақмерзімді болу, яғни, пайдалану 
шарттарында ұзақ жылдар бойы бұзылусыз жұмыс істеу. Ұзақмерзімді 
қызмет етудің болмауы бетонның өзінде болатын сыртқы әрекеттермен 
немесе ішкі үрдістермен шақырылады. Оның бұзылуы тек бір 
фактордың әрекетімен сирек шақырылады. Бетонның сапасы 
айтарлықтай әсер етеді, ал ол өз кезегінде оның құрылысынан 
басталады. 
Бетонның құрылысы оның қасиеттеріне тікелей әсер етеді: 
тығыздық, су өткізбеушілік қабілеті, суыққа төзімділік, коррозияға 
төзімділік және т.б. Бетон толтырушылар түйірінен тұратын 
композициялық материалдан, әртүрлі өлшемдегі бос қуыстар мен 
тесіктерден тұратын жабыстырушы цементті тастан тұрады. Цементтік 
тастағы тесіктер әдетте 0,1 мкм өлшемдегі бір-бірімен байланысқан 
капиллярлар каналдары түрінде ұсынылады. Олар бетонның негізгі 
қасиеттерін нашарлатады. Бетонды сумен қанықтыруда капиллярлы 
тесіктер сумен толтырылады, ол 0 °С төмен температурада қатады. 
Капиллярлардың үлкен мөлшерінде бетонның суыққа төзімділік және 
су өткізбеушілік қасиеттері төмендейді. Капиллярлы борпылдақтық 
суцементті қатынастың кемуімен, су шығынымен және гидратация 
ұзақтығының артуымен төмендейді. Осыған байланысты бетон 
қасиеттеріне нашар тығыздау нәтижесі болып табылатын теріс 
ықпалды бос қуыстар мен тесіктер береді. 
Құрылымдық материал ретінде бетонның негізгі қасиеті – класс 
және маркалармен сипатталатын қысу кезіндегі тығыздылық. 
Тығыздылық бойынша бетон маркасы —осы бетондық қоспада 
дайындалған және қалыпты шарттарда 28 тәулік бойы тексерілген
(М100, М150 ... М800) 15* 15 * 15 см өлшеміндегі стандартты үлгі-
кубтардың қысым тәжірибесімен анықталатын сандық сипаттама. 
Бетон класы — бетон біртектілігі есебімен, 0,95 қамсыздықпен
кепілді тығыздық шамасымен анықталатын сандық сипаттама. Бұл 
дегеніміз, бекітілген тығыздық 100-дің 95 жағдайында орындалады 
және тек бес жағдайда оның орындалмауын күтуге болады. Ауыр 
металдарға арналған қысу кезіндегі тығыздық шегі бойынша келесідей 
кластар орнатылған: В7,5; В10...В60.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет