Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет95/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   145
сәулеттік материалтану

122
 
Негізді материалдар кеңінен қолданылады. 
Негізгі орама материалдар екі топқа бөлінеді: негіз тек қара 
тұтқыр затпен бітелетін жабынсыз және бір немесе екі жағынан 
жабынды қабаттармен бітелген жабынды (баяу балқитын тұтқыр 
заттар көп бөлігін алады), олар материалдың төзімділігін және 
техникалық қасиеттерін күшейтуді қамтамасыз етеді. Бұл 
қабаттарды үстінен майда немесе ірітүйіршікті сеппемен себеді, 
фольгамен жабады. 
Орама материалдан жасалатын шатырлар үш-бес қабатта жаппа 
кілем түрінде жасалады және тұтас негіз бойынша жайланады. 
Жоғарғы қабатты құрылғылар үшін жақсартылған физико-
химиялық қасиеттері бар материалдар; төменгі қабаттылар үшін – 
астарлы орама материалдар пайдаланылады. 
Орама материалдардан желімді гидроқшаулау көпқабатты 
жабындар түрінде орындалады және кеңейтілген болып саналады. 
Изол — негізсіз резиналы-битумды материал. Ол теріс 
температураларда икемділікті сақтайды, шірімейді, суыққа төзімді, 
ұзақ қызмет етеді. Изол алынатын массадағы тығыздықты арттыру 
үшін талшықтасты түтікті қосады. Изол көбінесе құрылымдарды 
гидроқорғау үшін, деформация және шөгу орындалатын жерлерде 
қолданылады. 
Бризол — мұнай битумынан, резиналы үгіндіден, талшықтасты 
толтырғыштан және пластификатордан дайындалатын негізсіз 
орама материал. Қасиеті бойынша ол изолға ұқсайды, бірақ 
икемдірек және берігірек. Оны құрылымдарды гидроқшаулау үшін, 
жерасты металды құбырларды коррозиядан қорғау үшін, шатырлар 
құрылғылары үшін пайдаланады. 
Рубероид — жұмсақ табиғи немесе мұнай битумымен бітелетін 
және екі жағынан баяу балқитын битумы бар жаппа картоны. 
Оның бетін майда ұсақталған минералды ұнтақпен (әдетте тальк), 
шақпақ таспен немесе битумды атмосфера әрекеттерінен қорғайтын 
ірітүйіршікті түсті сеппемен себеді. Рубероид екі түрін шығарады:
орама шатырдың төменгі қабаттарына қолданылатын астарлы
майдатүйіршікті минералды сеппе және орама шатырдың жоғарғы 
қабаттарына қолданылатын ірітүйіршікті минералды сеппе. Оны 
гидроқшаулаушы материал ретінде пайдаланады. Рубероид 
биотөзімді емес – жазық шатырларда және жабық гидроқшаулаушы 
қабаттарда көгереді, өзінің икемділігін тез жоғалтады, өтімсіз, ал 
күнде сынғыш болып келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет