Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



Pdf көрінісі
бет96/145
Дата16.11.2022
өлшемі6.11 Mb.
#465041
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   145
сәулеттік материалтану

123
 
Сонымен бірге, қарапайымдармен бірге ерітіп дәнекерленетін 
рубероид дайындалады – битумының қабаты жуандалған, жабынды 
қабаттың пластификациялануы арқылы отсыз тәсілмен (езіндімен) 
жабыстырылған немесе жаппа мастикасының бетіне жақпай, арнайы
жанарғы көмегімен ерітілген жаңа орама материал. 
Стеклорубероид - дайындауда картонның орнына шынытүтікті
кенеп пайдаланылады, бұл материалдың тығыздығын және 
биотөзімділігін арттырады. Оны орама шатырларына және жабыстыру 
гидроқшаулауға қолданады. 
Пергамин —мұнай битумымен бітелген екінші битумды қабаты 
және сеппесі жоқ жаппа картоны. Оның негізі –жаппа карон. Ол 
көпқабатты орама шатырдың төменгі қабаттарына, уақытша құрылысы 
шатырына, бу және гидроқшаулауға қолданылады. 
Гидроизол — мұнай битумымен бітелген талшықтасты картон. Ол 
шірімейді және ұзақ мерзімді. Оны ыстық мастикаларға төсейтін 
орама шатыр ретінде қолданады, және жерасты ғимараттарын 
жабыстыру гидроқшаулауына, құбырларды коррозиядан қорғауға 
пайдаланады (жылусымдарын есепке алмағанда). 
Стеклоизол — ұсақталған минералды материалдарды себу арқылы, 
битумды-резиналы мастиканың шыныкенеп бетіне екі жағынан жағу 
арқылы алынатын орама материал. Оны щатыр құрылғысына және 
құрылымның жабыстыру гидроқшаулауына қолданады. 
Гидростеклоизол бес қабаттан тұрады. Негізгі қабаты полиэстер
шынымата немесе шыныкенептен тұрады, екі жағынын битуммен 
өңделеді және тығыздығы жоғары. Жоғарғы қабаты ірітүйіршікті 
сеппеден тұрады, төменгі қабаты – отырғызу кезінде жанатын жұқа 
қабықша. Жаппа «бәлішінің» төменгі және жоғарғы қабаты ретінде 
жазық шатыр құрылғылары үшін, сонымен қатар, жолөткізгіштерін 
гидроқшаулау үшін, көпірлер мен туннельдердің аралық құрылысы 
үшін гидро-шыныизол қолданылады. 
Фольгоизол жұқа тегіс немесе бедерлі аллюминийлі фольгадан, 
төменгі жағынан битумды-резиналы немесе битумды-полимерлі 
тұтқармен жабылған қабаттан тұрады. Сыртқы беті атмосфераға 
төзімді лактармен немесе бояулармен әртүрлі түстерге боялуы мүмкін. 
Жабыстыруды алдын-ала қорғау үшін, фольгоизолдың төменгі бетін 
полиэтиленді қабықпен немесе астарлы материалдармен жабады, 
оларды жабыстырмас бұрын шешеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет