119
12 Бөлім
БИТУМДЫ ЖӘНЕ ҚАРАМАЙЛЫ
ТҰТҚЫР ЗАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
НЕГІЗІНДЕГІ МАТЕРИАЛДАР
12.1
.
Б
ИТУМДЫ ЖӘНЕ ҚАРАМАЙЛЫ ТҰТҚЫР ЗАТТАР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ
Битумдар мен қарамайлар органикалық материалдардан тұрады,
олардың құрамына жоғары молекулярлы көмірсулар мен туындылар
кіреді. Битумды материалдарға табиғи битумдарды (мұнайды табиғи
қышқылдандыру өнімі) және мұнайды
өнеркәсіптік өңдеу арқылы
алынған жасанды битумдарды жатқызады. Табиғи битумдар таза
күйінде сирек кездеседі; құрылыста көбінесе жасанды битумдар
қолданылады.
Қарамайларды отынның қатты түрлерін құрғақ
айдау нәтижесінде
алады (ауасы жоғары температура шарттарында): тасты көмір,
шымтезек немесе жанғыш тақтатас. Қарамайлар толығымен
биотөзімді,
сондықтан
қарамай
материалдары
жасырын
гидрооқшаулану шарттарында басымдылықты болып келеді. Бірақ
улылық және төмен атмосфераға төзімділік
нәтижесінде қарамайды
пайдалану шектеулі болып табылады.
Битумды және қарамайлы тұтқыр заттар қарақошқыл немесе қара
түске ие, сондықтан оларды қара тұтқыр заттар деп атайды. Олардың
сипатты ерекшелігі – жұмсару қабілеттілігі, яғни, қызу кезінде өзінің
жабысқақтығын азайтады және суыту кезінде қатаяды (бөлме
температурасында битум оңай уатылады). Органикалық тұтқыр заттар
негізіндегі материалдардың суға төзімділігі жоғары, су өткізбейді,
гидрофобты, тасты материалдарға
қатысты химиялық тұрақты,
жабысу (адгезиялық) қабілеті жоғары, органикалық ерітінділерде
жақсы ериді. Бірақ олар қартаюға бейім емес, яғни,
сапалы
көрсеткіштер
және
атмосфералық
әрекеттерде
қызмет
ету
ұзақтығының қысқаруына бейім болып келеді. Бұл үрдіс қарапайым
температураларда өтеді және сынғыштықтың артуына және иілудің
төмендеуіне алып келеді. Консистенцияға тәуелді битумдар қатты
(сынғыш), орташа қатты (иілгіш) және сұйық (ұшқыш көмірсулардан
тұратын жабысқақ заттар) болып бөлінеді.