118
Панельдер мен тақталар талшықтасцементті табақтардан
жасалатын қатпарлы қорғау құрылымдарынан, қаңқадан, бұйымға
байланыстырылған жылуоқшаулағыш материал қабатынан тұрады.
Толқынды табақтар тұрғын-үй және
өнеркәсіптік ғимараттар
шатырының
құрылғыларына
қолданылады
және
монтаждың
қарапайымдылығымен ерекшеленеді.
Талшықтасцементі тікбұрышты қима қорабы өнеркәсіптік қосымша
және тұрмыстық мекемелердің, өнеркәсіптік, тұрғын-үй және
азаматтық
ғимараттар
ауасын
желдетуші
құрылғылар
үшін
қолданылады.
Құрылыста талшықтасцементті құбырлар кеңінен қолданылады,
олар жабық қысымды және сыртқы су
таратқыштары және ішкі,
сыртқы кәріз жүйелері мен суағардың қысымсыз, желдетуші түрлері
және т.б болып бөлінеді. Олар болат құбырлардың үнемді және сенімді
алмастырушылары болып табылады және жеткілікті механикалық
беріктікке ие.
Достарыңызбен бөлісу: