168
бұрылып ене алатын зәкірден (4) және оның өсіне (2) бекітілген
екі серіппе (3) мен тілшеден (5) тұрады. Екі ұшы екі серіппеге (3)
жалғанған орамнан ток жүргенде шарғыда пайда болған магнит өрісі
жұмсақ болаттан жасалған зәкірді саңылауға көбірек бұрып тартады.
Орамнан ток өткенде зәкірдің білігіне бекітілген аспап тілі белгілі бір
бұрышқа бұрылып, градуирленген шкаладан (6)
электр тогының не-
месе тізбек бөлігіндегі кернеудің шамаларын көрсетеді.
Электрмагниттік аспаптардың сезімталдығы
магнитэлектрлік ас-
паптарға қарағанда төмен. Алайда олар күшті ток жүктемелеріне
шыдамдырақ келеді, әрі жұмыста да сенімділігі жоғары аспаптар бо-
лып табылады. Оған қоса тұрақты токтар
мен айнымалы токтарда
бірдей қолданыс табады.
Достарыңызбен бөлісу: