2.Термодинамика заңдары қандай зерттеулерге негізделген? Жүйенің
энергетикалық күйін қандай тәсілдермен өзгертуге болады?
3. Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады және қандай
формуламен өрнектеледі? Оның қандай салдарлары бар?
4. Термодинамиканың бірінші заңына сүйеніп, «мәңгі қозғалтқыш» жасау
мүмкіндігін қалай жоққа шығаруға болады?
5. Термодинамикалық жүйеде газдың (будың) жұмыс жасайтынын қандай
тәжірибе негізінде және қандай теориялық формулалармен түсіндіруге
болады?
1. Газға 5 кДж жылу мөлшері берілгенде, ол 2 кДж жұмыс атқарды.
Газдың ішкі энергиясы қалай өзгерді?
2. Газға 7 кДж жылу мөлшері берілгенде, ол 10 кДж жұмыс атқара ала-
тындай процесс мүмкін бе? Мұндай жағдайда газдың ішкі энергиясын-
да, температурасында нендей өзгерістер болар еді?
3. Газ өзіне берілген жылу мөлшеріндей жұмыс істей алатын процесс
мүмкін бе? Мұндай процесте газдың ішкі энергиясы туралы не айтуға
болады?
4. Газ 5 МДж жұмыс істеп, ішкі энергиясын 2 МДж-ге кемітті. Осы про-
цесте газға қанша жылу мөлшері берілген?
5. Газға 500 Дж жылу мөлшері берілгенде оның ішкі энергиясы 100 Дж-ге
кеміді. Газ қандай жұмыс істеді?
ЖЫЛУ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ҚАЙТЫМСЫЗДЫҒЫ. ТЕРМОДИНАМИКАНЫҢ ЕКІНШІ ЗАҢЫ 1. Термодинамиканың бірінші заңы энергияның сақталу және ай-
налу заңын сипаттайды. Нақтырақ айтар болсақ, бұл заң: 1)
энергияның өзгеріссіз сақталатындығын, 2)жоқтан пайда болмайтындығын, 3)
жоғалып кетпейтіндігін және 4) бір түрден екінші түрге айнала ала- тынын сипаттайды. Алайда термодинамиканың бірінші заңы жылудың
(энергияның) бір денеден екінші денеге өту бағытына ешқандай шектеу
Жаттығу 3.1 ? Сұрақтар Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
71
қоймайды. Ал бақылаулар мен тәжірибелер табиғаттағы процестердің
өту бағыттарында белгілі бір шектеулердің бар екендігін көрсетеді.
2. Тәжірибе мыналарды айғақтайды: энергия жылу алмасу жолымен
ыстық денеден салқын денеге қарай өз бетімен өте алады; ал кері бағытта
өз бетімен өте алмайды. Бұдан