Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет55/204
Дата01.12.2023
өлшемі4.48 Mb.
#485120
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   204
8сынып физика (2)

Термодинамика
табиғаты әртүрлі құбылыстарда орын алатын 
энергия түрленуінің жалпыға ортақ заңдылықтарын зерттейді. Он-
дай құбылыстарға
механикалық, жылулық, электрлік, сәулелік т.б. 
құбылыстар жатады.
Адамдардың үздіксіз жұмыс істей алатын «мәңгі қозғалтқыш» жа-
сау талаптарының үнемі сәтсіздікке ұшырауы және жылулық құбы-
лыстарға байланысты басқа да көптеген эксперименттік зерттеулер 
термодинамиканың тәжірибелік негіздерін құрайды. Тәжірибелер мен 
эксперименттік зерттеулерде ашылған жекелеген заңдылықтар 
термо-
динамика заңдарына біріктіріліп, «мәңгі қозғалтқыштарды» жасау үшін 
босқа тер төгуден құтқарды.
2. 
Термодинамиканың бірінші заңы механикалық, жылулық, 
электрлік, химиялық және басқа да процестер орын алатын жүйелер үшін 
энергияның сақталу және айналу заңының жалпылама көрінісі болып
табылады. Бұл жалпылама заң қарастырып отырған жүйенің ішкі энер-
гиясын өзгертетін 
екі тәсілге негізделіп тұжырымдалады. Алдыңғы 
тарауларда денелердің ішкі энергиясын екі тәсілмен өзгертуге болаты-
нын айтқан едік. Енді жоғарыда аталған екі тәсілді термодинамикалық 
көзқарас тұрғысынан сипаттайық.
Бірінші тәсіл бойынша жүйенің энергиясы сырттан немесе іштен 
жұмыс істеу арқылы өзгереді. Дәлірек айтқанда: жүйенің энергиясы
сыртқы күштердің атқарған жұмысы арқылы өзгереді. Немесе жүйенің 
энергиясы сыртқы денелердің орындарын ауыстыру үшін жүйенің өзі 
істейтін жұмысы арқылы өзгереді.
Екінші тәсіл бойынша жүйенің энергиясы жүйеге жылу беру немесе 
жүйеден
 жылу алу арқылы өзгереді. Мұндай жағдайда сыртқы денелер 
орындарын өзгертпейді, яғни ешқандай жұмыс істелмейді.
Жылулық құбылыстарға байланысты алдыңғы тарауда қарастырыл- 
ған эксперименттік материалдар мен теориялық талдаулардан мынадай 
қорытынды туындайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   204




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет