28
8 планетаның ішінде өсімдіктер мен тірі ағзалар үшін қолайлы жағдай
тек Жерде ғана жасалған. Ғаламның басқа түкпірлерінде тіршілік
иелерінің
бар-жоғы белгісіз, оларды анықтауға ғылыми талпыныстар
жасалып жатыр. Сонымен, біз
Жер бетіндегі тірі ағзалар туралы ғана
нақтырақ ақпарат бере аламыз; Жердегі жылулық процестердің өзгеруіне
қарай
олардың
эволюциялық даму тарихына көз жүгіртеміз.
2. Ғылымға әзірше белгілі Ғаламдағы бірден-бір тіршілік орны – Жер.
Күн жүйесіндегі планеталардың ішінде тек Жерде ғана
әртүрлі фак-
торлар бір-бірімен таңғажайып үйлесімділік тауып, тіршіліктің дамуы-
на жол ашты. Бір-бірімен керемет келісім
тапқан мұндай факторларға
планетаның тиімді көлемі,
оның тартылыс күші, өткір сәулелерден
қорғайтын озондық қабаты, бетін жапқан мұхит сулары, оттек пен
су буына қаныққан атмосфера қабаты жатады.
Барлық тірі ағзаларға су керек, Жердегі тіршілік судан бастау ала-
ды. Ал Жердің Күннен өте тиімді арақашықтықта орналасуы салдары-
нан оның беті мұхит суларымен, ауа қабаттарымен қоршалған. Су мен
ауа тіршілік үшін аса қажетті орта болып табылады.
Жаратушының
Жерді Күн төңірегінде орналастыру шеберлігі сондай – егер Күнге сәл
жақынырақ орналасқанда мұхит сулары буланып кетер еді. Сәл алысырақ
орналасқанда Жердің беті мұз бен тоңның құрсауында мәңгі қалар еді.
Күн жүйесінің басқа денелерінде кездесетін мұндай қатігез жағдайлар,
тіршілік иелерінің бақытына қарай, Жер шарына тән емес.
Алайда Жер шарында тірі ағзаларға қолайлы мұндай жағдай бірден
қалыптасқан жоқ. Жылулық процестердің өзгеруіне қарай Жер де,
оның бетіндегі тіршілік иелері де күрделі
эволюциялық дамуды бастары-
нан өткізді. Жылулық құбылыстардың өзгеруі тірі ағзалар мен өсімдік
әлемінде зор рөл атқаратынын Жердің қалыптасу және даму тарихы
айғақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: