Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет123/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Қатқылсиялы принтерлер 
(Solid Ink Printers) осындай 
бояғыштар қатқыл кубик тəрізді келеді, түсі 
CMYK моделіне 
сəйкес. Қатқылсиялы принтердің жұмыс принципі 7.6.-суретте 
бейнеленген. Әрбір кудик меншікті бөлімшесінде орналасқан. Сия 
ерітіледі жəне баспа тиегіне таратылады, олар тұмсықша блогы 
сияқты, мысалы 112 бойынша əрбір тұс пьезоэлементтермен 
жабдықталады. Пьезоэлементтің қосылуы кезінде сияның ерітілген 
тамшысы барабанға түседі. Қатқыл сияларды тұтқыр күйге дейін 
жылыту жұмыс циклының басында бір рет жасалады, бұл бірінші 
басылымның шығуының уақытын қысқартады. Тамшылар қағазға 
толық аударылатын алюминий барабанда сурет құрайды. Баспа 
тиегінің ені қағаз еніне тең жəне əрбір дюйм ұзындығы əрбір түстің 
18 тұмсықшасына тең келеді. 
256 


7.6.-сурет. Қатқылсиялы принтердің жұмыс принципі: 
а 
— ерітілген бояғышты барабанға түсіру; 
б 
— бояғышты жылытылған қағаз 
парағына түсіру 
257 


Жоғары ажыратымдылықты қамтамасыз ету үшін бастиек арнайы 
механизмнің 
көмегімен 
барабан 
бойымен 
екі 
көршілес 
тұмсықшалардың арасындағы арақашықтыққа тең шамаға қарай 
жылжытылады. Қалайша кескіннің 25 ... 30 % барабанға түсісімен, 
түсті кескінді тасымалдау үшін қағаз парағы тартыла бастайды. 
Алдын-ала жылытылған парақ бастиекке қарай жылжиды, ол оған 
бояғышты тасымалдайды. Түсті баспа жылдамдығы минутына 1 200 
dpi/2400 dpi (
FinePoint режимінде) 
ажыратымдылықпен А4 
форматтағы 85 параққа дейін жетеді. Бастапқы деңгейдегі түсті 
лазер принтеріне қарағанда, баспа сапасының айына 300 мың бетке 
дейін максималды жүктемесі болады. 
Түсті қатқылсиялы принтерлер аса түрлі – кеңсе жəне үй 
құжаттарын басып шығарудан бастап графикалық қосымшаларды 
пайдаланумен күрделі ірі форматты баспаға дейін тапсырмаларды 
орындайды. Қатқыл сиялы принтерлердің озат өндіруші Xerox 
компаниясы. 
7.1.5. Принтер таңдау бойынша ұсынымдар 
Бірінші кезеңде баспа үшін қандай құрылғы типі қажет екендігін 
анықтап алу керек: принтер немесе көп атқарымдық құрылғы 
(КАҚ). 
Кеңінен таралған КАҚ баспадан басқа сканер жəне көшірме 
жасай алады. Жеке КАҚ өзіне факсимильді аппарат функциясын 
(факс) да қоса алады. Пайдаланушың жұмыс үстелінің үстін жақсы 
босатады. КАҚ жеке принтерден əлдеқайда қымбат тұрады. 
Негізінде КАҚ баспаның бүріккіш жəне лазерлі технологияларын 
іске асырады. 
Баспа 
құрылғысын 
таңдау 
кезде 
баспа 
құрылғысын 
пайдалануына қолданбалы осы немесе сол баспа технологиясын 
пайдаланған жөн. 
Нақты модельді бағалау кезінде технологияны таңдағаннан 
кейін келесі факторларға көңіл аудару керек: 
■ 
нақты пайдаланушының тапсырмаларын шешуге қажетті 
функционалдық мүмкіндіктер (жұмыстарды орындау көлемі, 
қажетті шрифтердің бары, орыс тіліне лайықталған); 
■ 
түсті суреттерді құрамдау; 
■ 
кескіннің қажетті сапасы, яғни ажыратымдылық қабілеті; 
■ 
өнімділік немесе баспа жылдамдығы; 
■ 
беріктік жəне пайдалану қолайлығы; 
258 


■ 
құны;
■ 
пайдалану шығындары, тасымалдағыш құны кіріктірілген, материал 
шығындары, қызметі, пайдаланатын энергиясы.
Бүріккіш принтер немесе КАҚ сипаттамаларын талдау кезде 
ажыратымдылыққа көңіл аударған қажет. Мысалы, принтер сипатында 
4 800 х 1 200 dpi дейін ажыратымдылық көрсетілсе – онда бұл 
тамшылар арасындағы минималды қашықтығы 1/4 800 дюймді 
құрайтындығын білдіреді. Тамшы көлемі кішірек болған сайын
соншалықты растр азырақ көрінеді, яғни көрші нүктелері арасындағы 
қашықтық. Бүріккіш принтердің маңызды сипаттамасы баспа кезінде 
пайдаланатын - үштен бастап тоғызға дейінгі түстердің саны. Мəтіндер 
мен кескіндерді басып шығару үшін үштүсті принтерлерді, ал 
көптүстілерді – фотобаспалар шығару кезде пайдаланған жөн. «Баспа 
жылдамдығы» параметрі де өте маңызды, ол əртүрлі өндірушілерде 
минутына 20 ... 40 бет диапазонындағы модельдерге тəуелді. 
Егер принтер 
Pictbrige технологиясын қамтамасыз етсе, оған 
компьютердің қатысуысыз фотокамераны қосуға жəне фотоларды 
тікелей басып шығаруға болады. Кейбір принтер модельдері сол 
мақсатта 
картридждермен, сондай-ақ LCD-дисплеймен жабдықталған. 
Ақ-қара лазерлі принтерлер жəне КАҚ, əдетте үйде қолдану 
үшін таңдайды. Лазерлі баспа принтерінде басылған 300 dpi 
ажыратымдылықтағы мəтін сапасы типографиялық сапаға сəйкес. Егер 
парақта сұр түсті градациялы кескіндер бар болған жағдайда, сапалы 
графикалық кескіндерді алу үшін 600 dpi артық ажыратымдылық қажет 
етіледі. Ажыратымдылық қабілеті 1 200 dpi кезде басылым 
фотографиялық сапасында жасалады. Егер көп құжаттарды шығару 
қажет болса (мысалы, күніне 40 парақ), лазерлі технологиясы бар 
принтерді таңдаған дұрыс болады. Лазерлі принтер жəне КАҚ қағазға 
сапаны талап етпейді, мысалы, бүрккен, мəтінді құжаттың бір парағын 
басып шығару бірнеше есе төмен. 
Баспаның заманауи құрылғыларының көбі 
Ethernet
и 
Wi-Fi 
интерфейсі арқылы 
жергілікті құрамда немесе сымсыз желісте жұмыс 
істейді. Принтерлер мен КАҚ жиі автоматты екіжақты баспа 
функциясымен жабдықталған. Жады картасы үшін слоттармен 
жарақталған. Ол SDXC, SD немесе SDHC форматты карталарды 
сүйемелдейді, жекелеп алғанда ДК-дан өтіп, фотографияларды басып 
шығаруға мүмкіндік береді. Баспа құрылғысының сымсыз желісті 
картасының бар болуы сматрфоннан баспаны жүзеге асыруға 
мүмкіндік береді. 
259 


і 
Сонымен қатар, баспа құрылғылары пайдаланушыға Интернетке 
автономды қосылуды жəне əйгілі онлайн қоймасынан, сондай-ақ 
əлеуметтік желістерден баспа жасауды ұсына алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет