Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Габариттік өлшемдері мен өнімділігі бойынша



Pdf көрінісі
бет17/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Габариттік өлшемдері мен өнімділігі бойынша ЭЕМ мынадай түрде 
жіктеледі
■ 
аса өндіргіш жəне жүйелер (супер-ЭЕМ); 
■ 
үлкен ЭЕМ (жалпы бағыттағы əмбебап ЭЕМ); 
■ 
кіші, немесе мини-ЭЕМ
■ 
микроЭЕМ. 
СуперЭЕМ — ол тиісті тарихи кезеңде болған өте мықты есептеуіш 
жүйелер. 
Супер ЭЕМ-ге тез əрекеттілігі секундына 10 млрд. операцияларды 
құрайтын қуатты көп процессорлы есептеуіш машиналар жатады. 
Суперкомпьютерлер күрделі жəне үлкен ғылыми тапсырмаларды 
(метеорология, гидродинамика жəне т.б.) шешу үшін, басқаруда, 
барлауда, ақпаратты орталықтандырылған сақтау орындары жəне т.б. 
ретінде қолданылады. 
Қазіргі уақытта əлемде өнімділігі бірнеше мыңдаған
флопс (MF1OPS mega-floating point operations per second) — 
компьютер теория жүзінде бір секундта орындай алатын қалқыма 
нүктесі бар миллиондаған операциялар болатын бірнеше мыңдаған 
супер ЭЕМ саналады. 
Суперкомпьютерлерге жиі серверлерді де жатқызады. 
Се р в ер — өзіне қосылған компьютерлерге қызмет көрсетуді 
жəне басқа желілерге шығуды қамтамасыз ететін есептеуіш 
желілердегі мықты компьютер. 
Арналуына байланысты серверлердің келесі типтері анықталады. 
Қосымшалар сервері есептеуіш желінің барлық станцияларының 
сұраныстарын өңдейді жəне оларға ортақ жүйелік ресурстарға 
(деректер қорына, бағдарламалар кітапханаларына, принтерлерге, 
факстарға жəне т.б.) рұқсат береді. 
Файл-сервер деректер қорымен жұмыс істеу үшін жəне ақпараты 
бар файлдарды қолдану үшін қолданылады. 

28 


Архивациялық сервер ақпаратты көп сервисті желілерде резервтік 
көшірмелеу үшін қызмет етеді. Ол ауыстырылатын картридждері бар 
магнит лентадағы тасымалдағыштарды (стриммер) қолданады. 
Факс-сервер бірнеше факсмодемдік тақталармен, ақпаратты беру 
кезінде рұқсатсыз қол жеткізуден арнайы қорғаныспен тиімді көп 
адрестік байланысты ұйымдастыру үшін арналған. 
Пошталық сервер факс-сервер сияқты функцияларды атқарады
алайда электрондық поштаны ұйымдастыру үшін, сонымен бірге 
электрондық пошталық жəшіктермен жұмыс жасау үшін қызмет 
жасайды. 
Баспа сервері жүйелік принтерлерді тиімді пайдалануға арналған. 
Телеконференциялар 
сервері 
— 
пайдаланушыларды 
телеконференциялармен жəне жаңалықтармен қамтамасыз ету 
бағдарламасы болатын компьютер. 
Егер компьютерге тиісті желілік бағдарламалық жабдықты 
орнататын болса, онда компьютер сервер ретінде бола алады жəне бір 
уақытта бірнеше функцияларды орындай алады, мысалы, пошталық 
сервер, жаңалықтар сервері, қосымшалар сервері жəне т.б. бола алады. 
Үлкен ЭЕМ — жалпы қолданыстағы əмбебап ЭЕМ, шет елде жиі 
мэйнфрейм деп аталады (Mainframe), тарихи алғашқы пайда болған. 
Мэйнфреймдер осы күнге дейін үздіксіз тəуліктік қолдану режимін 
қамтамасыз ететін жалпы қолданыстағы ең мықты есептеуіш жүйелері 
болып қалады (суперкомпьютерлерді есептемегенде). Мэйнфреймдерді 
негізгі тасымалдаушылар белгілі компьютерлік компаниялар IBM, 
Amdahl, Siemens жəне тағы басқалар, бірақ басты рольді ІВМ-ге 
тиесілі. 
Мэйнфреймдерді тиімді қолданудың негізгі бағыттары — ол 
ғылыми-техникалық тапсырмаларды шешу, үлкен деректер қорымен 
жұмыс жасау, есептеуіш желілермен жəне олардың ресурстарымен 
басқару. Мэйнфреймдерді қолдануда ең өзектісі есептеуіш желілердің 
үлкен серверлері ретінде қолдану. 
Мини-ЭЕМ саны жағынан ең көп жəне тез дамитын ЭЕМ класы, ол 
кішкентай өлшемді габариттермен, төмен бағасымен (үлкен жəне супер 
ЭЕМ салыстырғанда) жəне əмбебап мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. 
Олар 1960-шы жылдары пайда болды жəне технологиялық процестерді 
басқару, автоматтандырылған жобалауды жəне икемді өндірістік 
жүйелерді құру, көп пайдаланылушылық есептеу жүйелерінде, 
автоматтандырылған жобалау жүйелерінде есептеулер жүргізу, 
жасанды интеллект жүйелерінде күрделі емес объектілерді үлгілеу 
үшін кең қолданылды. 
29 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет