Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет41/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Қалпақшалардың 
жетек 
механизмі 
қалпақшалардың 
диск 
орталығынан шеттеріне қарай орын ауыстыруын қамтамасыз етеді жəне 
жинақтауыштың мықтылығын, оның температуралық тұрақтылығын жəне 
вибрациялық тұрақтылығын нақты анықтайды. Барлық қалпақшалар 
жетегінің механизмі екі негізгі типке жіктеледі: қадамдық қозғалтқышы 
бар жəне қозғалмалы орауышы бар. 
Қадамдық қозғалтқыштағы жетегі бар жинақтауыштарда деректерге 
қол жеткізу орта уақыты қозғалмалы орауыштысымен салыстырғанда 
біршама үлкен. Осы себептен қадамдық қозғалтқышы бар жетек иілгіш 
магнит дисктер үшін дискжетектерде жəне кішкентай сыйымдылығы бар 
қатқыл дисктердегі жинақтауыштарда негізгі қолданысын тапты. 
Қадамдық қозғалтқыштары бар жүйелерге қарағанда қозғалмалы орауышы 
бар жетекте қалпақшалардың нақты орналасқан жерін анықтау үшін жəне 
жолдарға қатысты оларды түзету үшін электрондық қайтарымды байланыс 
қолданылады. Нəтижесінде механизм тез əрекетті болады жəне қадамдық 
қозғалтқышы бар жетек сияқты соншалықты қатты шулы болмайды. 
Дисктерде автоматтық тұрақтау функциясы болады, яғни ДК өшіріліп 
жəне сөндірілген кезде қалпақшалар қажет болуы бойынша белгілі бір, жиі 
соңғы цилиндрге орнатылады. Тұрақтау кезінде қалпақшалар автоматты 
түрде бұғатталады жəне олардың бұдан əріғы жұмысы мүмкін болмайды. 
Дисктердің жетегінің қозғалтқышы дисктер пакетін айналысқа 
түсіреді, оның жылдамдығы модельге байланысты 3 600 ... 10 000 айн/мин 
шегінде болады, жеке модельдерде 15 000 айн/мин жетеді. Қатқыл диск 
оған жүгінбеген жағдайда да үздіксіз айналады, сондықтан винчестер тек 
тігінен немесе көлденеңінен орнатылуы тиіс. 
Басқару схемасы электрондық баспа тақтасы жəне басқа да 
жинақтауыш түйіндері (беттік панель, конфигурация элементтері мен 
монтаждау бөлшектері) алмалы болып табылады. 
81 


Баспа тақтасында қозғалтқышты жəне қалпақшалар жетегін электронды 
басқару 
схемалары, 
контроллермен 
деректер 
алмасы 
схемасы 
монтаждалады. Кейде контроллер тікелей осы тақтада орнатылады. 
Айналу жылдамдығы 5 000 ... 7 000 айн/мин дейін винчестерлер үшін 
мəжбүрлі салқындату талап етілмейді. Бірақ жұмыстың сенімділігі үшін 
контроллер тақтасы мен гермоблоктың салқындауын қамтамасыз ететін 
қосымша желдеткіш қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет