Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет38/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Жазба жолы (Track) деп деректер жазылған дисктің центрлес 
сақиналарының əрқайсысы аталады. Дисктің беті сыртқы жағынан 
бастап жолдарға бөлінеді, жолдар саны диск типіне байланысты 
болады. Санына тəуелсіз жолдар номермен сəйкестендіріледі 
(сыртқы жолдың нольдік номері болады). Стандарт дискте жолдар 
саны жазба тығыздығымен анықталады, яғни тасымалдағыш бетінің 
бірлік ауданында орналастыруға болатын ақпарат көлемімен 
анықталады. Магниттік дисктер үшін жазба тығыздығының екі 
алуан түрлілігі анықталған — радиалды (көлденең) жəне сызықтық 
(бойлай). Жазбаның көлденең тығыздығы ені 1" диск сақинасында 
орналасқан жолдар санымен өлшенеді, ал сызықтық тығыздық — 
бірліктік ұзындық жолында жазуға болатын деректер битінің 
санымен өлшенеді. 
Жолдың əрбір сақинасы сектор деп аталатын учаскелерге 
бөлінеді. 3.3 суретте магнит дисктердің жолдар мен секторларға 
бөлінуі көрсетілген. Жолдардағы секторларға нольден басталатын 
номерлер беріледі. Ноль номері бар сектор əрбір жолда деректерді 
сақтау үшін емес, жазылатын ақпаратты сəйкестендіру үшін 
резервтеледі. 
Дискета сыйымдылығы келесі формула бойынша есептеледі: 
Дискета сыйымдылығы = Жақтар саны х Жақтағы жолдар саны х 
х Жолдағы секторлар саны х Сектордағы байттар саны 
3,5" өлшемді ИМД ақпарат тасымалдағыштардың басқаларымен 
тəжірибе жүзінде ығыстырылған. 
3.3 
-сурет. Магнит дискті форматтау кезінде жолдар мен секторларға бөлу
78 


3.3. 
ҚАТҚЫЛ МАГНИТ ДИСКТЕРДЕГІ 
ЖИНАҚТАУЫШТАР 
 
Қатқыл дисктердегі алғашқы жинақтауышы (Hard Disk Drive — HDD) 
IBM фирмасының технологиясы бойынша 1973 ж. құрылды жəне Жабайы 
Батысты жаулап алу кезінде пайдаланылған əйгілі аңшылыққа арналған 
мылтық «винчестердің» атауымен сəйкес келетін «30/30» деген кодтық 
белгіленуі (30 + 30 Мбайт сыйымдылығы бар екі жақты диск) болды.Осы 
себеппен қатқыл дисктерде жинақтауыштар «винчестер» деген атқа ие 
болды. 1979 ж. Ф. Коннер пен А. Шугарт сыйымдылығы 6 Мбайт алғашқы 
қатқыл бес дюймдік дисктердің өндірісін ұйымдастырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет