Көлбеу-қатарлық магнит жазба (Helical Scan) айналатын
барабанда орналасатын жазу-жаңғырту қалпақшалар блогынан
тысқары оқу жəне жазу кезінде таспаны арнайы механизммен
созғанда қамтамасыз етіледі. Жазба сол кезде бір бағытта
жүргізіледі. Қолданылатын жаза форматына байланысты таспа
қалпақшалар блогы айналасынан бірнеше бұрышпен өтеді, сонымен
бірге блоктың цилиндр осі таспаға бірнеше бұрышпен
көлбеуленген. Таспа оқу-жазу кезінде бір бағытта қозғалады.
Жазбаның берілген тəсілі таспа бетінде көлбеу беттердің болуын
болжайды.
Аналогтік
технология
видеомагнитофондарда
қолданылады.
1972 ж. 3М фирмасы өлшемдері 15 х10 х1,6 см,
деректерді
сақтауға арналған алғашқы кассетаны жасап шығарды. Кассета
ішінде оқу-жазу процесінде таспаны созатын механизммен таспа
оралатын екі катушка болатын.
1983 ж. алғашқы стандартты QIC
(Quarter-Inch- Catridge —
магнит таспадағы жинақтауыш) шығарылды, оның сыйымдылығы
60 Мбайт құрады. Деректер жазбасы тоғыз жолда жүргізілетін, ал
магнит таспаның ұзындығы шамамен 90 м.
Содан кейін мини-
кассета стандарты жасалып шығарылды (формат МС). Мини-
кассетаның өлшемдері осы стандартқа сəйкес 8,25 х 6,35 х1,5 см
болды. QIC таспаларының магнит қабатының негізін темір оксиді
құрайды.
МС форматтағы QIC-80 магнит таспадағы жинақтауышының
сыйымдылығы
80
Мбайт,
28
жол
болса,
QIC-3095
жинақтауышының 72 жолы болатын жəне сыйымдылығы 4 Гбайт
дейін.
Осы жинақтауыштардың артықшылықтары: деректерді таспада
сақтаудың салыстырмалы бағамы иілгіш магнит дисктердегі
жинақтауыштарды пайдаланған кездегіге қарағанда (1 Мбайт қайта
есептеуде) біршама төмен жəне
сонымен қатар таспалық
жинақтауыштар қолданыста қарапайым жəне мықты.
QIC жинақтауыштарының жетіспеушіліктеріне олардың төмен
тез əрекеттілігі, деректер жазу алдында кассетаны баяу форматтау
жатады.
Магнит таспада жинақтауыштардың ары қарайға дамуы
кассеталардың
сыйымдылықтарын
ұлғайту
жəне
деректер
жазбасының тығыздығын арттыру жолында кетті. Қазіргі уақытта
таралған QIC форматтағы резервтік көшіру құрылғыларымен қатар
магнит таспада көшіру басқа да құрылғылары белгілі, атап айтсақ
үлкен деректерді игеретін компьютерлік желілер.
108
Деректерді магнит таспаға жазудың мынадай стандарттары бар.
Sony фирмасымен DAT (
Digital Audio Tape) сандық
дыбыс жазу
үшін ені 4 мм болатын жəне видеожазба үшін ені 8 мм болатын магнит
таспалар қолданылатын құрылғыларды шығару игерілген. Сонымен
қатар деректерді сандық түрде DDS
(Digital Data Storage) сақтау
стандарты жасалған. DDS-1 форматының бірінші буыны технологиясы
ең үлкен 0,55 Мбайт/c жылдамдықта 2Гбайт сыйымдылықпен
қамтамасыз етеді. DDS-4 төртінші буын құрылғыларының жолының
енін 6,8 мкм дейін азайтқанда жəне таспа ұзындығын 150 м дейін
ұлғайтқанда сыйымдылық жылдамдықты бес есе арттыру кезінде 16
Гбайттан асты.
1990-шы жж. ортасында
біршама жоғары сыйымдылықпен,
деректерді беру жылдамдықпен жəне резервтік көшіру мықтылығымен
қамтамасыз ететін жаңа технология – ең əйгілі болып саналатын
DLT
(Digital Linear Tape) технологиясы пайда болды.
Өз принципі бойынша DLT технологиясы аудикассеталарда
қолданылатынға ұқсас. Жазба тығыздығын арттыру магнит
қалпақшаның жазбаларға жəне оқуға арналған бірнеше каналдары
болатынына байланысты қол жеткізіледі. Сонымен қатар автоматтық
позициялау құрылғысы оған ось бойынша тігінен жəне көлденеңінен
ауысуға мүмкіндік береді.
Жазылған
ақпараттың
тұтастығы
көпдеңгейлік
қорғаныш
жүйесімен қамтамасыз етіледі. Таспаға
жазу қосымша канал арқылы
бір уақыттық оқумен қоса жүреді. Мүмкін қателіктерден қорғау үшін
таспаға бақылау сомасының коды жазылады
(Cyclic Redundancy Code
— CRC).
Стримеры формата DLT форматындағы стримерлер резервтік
көшірудің кең таралған құрылғылары болып табылады. Осы
технологияны жасап шығарушы мен құрылғылардың негізгі өндірушісі
оның негізінде Quantum компаниясы тұрақты өз өнертабыстарын
жетілдіріп отырады, оның нəтижесі ретінде DLT-8000 форматының
пайда болуы болады.
DLT-8000 стримерінің сыйымдылығы 12 Мбайт/с дейін деректерді
тасымалдау жылдамдығы кезінде 40/80 Гбайт жəне
істен шыққанға
дейін жұмыс істеуі 250 мың сағ уақытымен анықталатын жоғары
мықтылықты құрайды. Quantum DLT-8000 Fast SCSI-2 интерфейсі бар
жəне кең спектрлі операциялық жүйелердің басқарылуында болатын
серверлер мен мықты жұмыс станцияларының ақпараттарын
мұрағаттауға арналған.
DLT бұдан əрі дамыту
Super DLT (SDLT) технологиясы болып
табылды.
Super DLT басты ерекшелігі —
Laser Guided Magnetic
Достарыңызбен бөлісу: