Recording (LGMR) технологиясы. Super DLT-дегі деректер магнит
таспаның бір жағында жазылады, ал оқу-жазу қалпақшаларының
қалыптары туралы ақпарат — кері жағында.
109
Лазерді пайдалану арқасында қалпақшаларды өте дəл позициялауға
болады жəне соған сəйкес таспада жолды өте жақын орналастыруға
болады. Еще одной инновацией Super DLT тағы бір инновациясы
POS (Pivoting Optical Servo) синхрондау жүйесі табылады, таспаның
қайта форматталуын қажет етпейтін өндіріс процесінде таспаға
жүргізілген кіріктірілген сервожолмен жұмыс жасайды.
Мысалы, DLT-S4 жинақтауыштары көп ресурстарды талап
ететін қосымшалармен жұмыс істеу, көп деңгейлі орталар, IT
саланың ең маңызды учаскелерінде жұмыс істеу үшін арнайы
жобаланды.
DLT-S4 сыйымдылығы 1,6 Tбайт, ол алыстатылған кеңселер
немесе жұмыс топтарын жалғыз таспалы картриджде қолдаумен
қамтамасыз етеді. DLT-S4 басқару мен қорғаудың кеңейтілген
кіріктірілген функциялары болады. Деректерді тасымалдау
жылдамдығы 60 Мб/с (компрессиясыз) жəне 120 Мб/с компрессия
болғанда.
1998 ж. LTO технологиясын (Linear Tape-Open) магнит таспада
жинақтауыштардың үш ірі өндірушілері — IBM, Hewlett-Packard
жəне Seagate Technology бірлесіп жасап шығарды. Осы стандартта
деректерді жазудың қолданылатын форматы Ultrium болып
табылады. Заманауи құрылғыларда алтыншы буындағы Ultrium LTO
технологиясы қолданылады (LTO-6).
LTO картриджінің ішінде картридж орнатылған кезде беруші
болып табылатын таспа бір катушкаға оралады. Таспаның ұшында
арнайы концевик бекітіледі, ол таспаны берік ұстап тұру үшін жəне
қабылдағыштың ішінде болатын қабылдағыш катушкада бекітілуі
үшін жинақтауышпен қолданылады.
Әрбір LTO картридждің арнайы кіріктірілген LTO-
CM (Cartridge Memory) чипі болады . Таспалық кітапханалар
құрамында қолдануға арналған сыртқы оқығыштар, сондай-ақ
автономдық оқығыштар болады. Олардың кейбіреулері LTO-CM
құралдарымен картридждегі деректерге қолжетімділікке рұқсат
беретін кілтті енгізгенге дейін уақытша бұғаттауға мүмкіндік
береді, ол мысалы, бір территориядан екіншісіне құпия ақпараты
бар картридждерді тасымалдау кезінде қолданылуы мүмкін.
Мысалы, магнит таспадағы ішкі жинақтауыш HP StoreEver LTO-
6 Ultrium 6650 (EH963A) SAS интерфейсімен үйлесімді таспалық
библиотекаға жəне автожүктегіштерге орнатуға арналған жəне LTO
жинақтауыштардың алтыншы буыны болып табылады. Оның
сыйымдылығы 6,25 Тбайт, ал 2,5: 1 қысу кеінде тасымалдау
жылдамдығы — 1,45 Тбайт/сағ жетеді.
110
Осындай жетек негізінде резервтік көшіру жүйесі картриджді
5000 кем емес жүктеу/түсіруді 15 бастап 30 жылға дейін сақталуын
қамтамасыз ететін заманауи жəне сенімді шешім болып табылады.
IBM компаниясы, LTO жабдықтан басқа, жеке жабық IBM 3592
(Jaguar)
стандартындағы стримерлерді жеткізеді, сондай-ақ
үйлесімді таспалық кітапханаларды. Бұл жабдық серверлер мен
мейнфреймдерде қолданылады. LTO стандартына қарағанда, IBM
3592 мұрағаттау мен резервтік көшіруге ғана емес, сонымен қоса
деректерге еркін қол жеткізуге бағдарланған; IBM 3592 жазбаның
сызықтық əдісін жəне таспаның көп жылдамдықты қозғалысын (6
немесе 7 жылдамдық, стример моделіне қарай) қолданады. Мысалы,
таспалы жинақтауыш IBM System Storage TS1140 Tape Drive бір
картриджде сығусыз 4 Тбайт дейін деректер сақтай алады.
Компрессия осы көлемді үш есеге арттыра алады.
Кітапхана көп тасымалдағыштары бар сақтау орнын бейнелейді.
Олар орталықтандырылған ортақ сақтау жүйесінде үлкен
сыйымдылықты серверлердің резервтік көшіру үшін өте қолайлы.
Осы жағдайда негізгі артықшылықтары – ақпаратты көшіру мен
қайта қалпына келтірудің жоғары жылдамдығы (бір сағатта
жүздеген гигабайтқа дейін), үлкен сыйымдылық (бірнеше
терабайтқа дейін), сақтаудың беріктілігі жəне сақтау ең кіші
салыстырмалы бағасы (бір мегабайт деректерді есептегенде).
Тəуелсіз жинақтауыштардың массиві бір корпуста бірнеше
таспалар жетектерінен тұрады, сонымен қоса, олардың əрқайсысы
тек жалғыз тасымалдағышқа қызмет көрсетеді. RAIT жұмысының
схемасы RAID дисктік массивіне ұқсас. RAIТ резервтік көшіру мен
мұрағатау операцияларының өнімділігін біршама арттырады,
өйткені жинақтауыштар параллель жұмыс істейді.
IBM System Storage TS3500 Tape Library автоматтандырылған
таспалы кітапханамэйнфреймдер жəне ірі компаниялар мен орта
өлшемдегі ұйымдардың ашық жүйелері негізіндегі орталарда
резервтік көшіру жəне мұрағаттау тапсырмаларын орындауға
жоғары масштабталу дəрежесіне ие.
HPE StoreEver ESL G3 таспалы кітапхана масштабталудың
жоғары иілгіштігімен қамтамасыз етеді, ол көп мөлшердегі
деректердің артуын орындауға мүмкіндік береді. Бірқатар базалық
конфигурациялар ішінен таңдауға жəне 100 слотқа қадамы бар
таспалы 12 006 картридждердің масштабталуына мүмкіндік береді.
Сонымен ол шешім 180 Пбайтқа
1
дейін (2,5:1 сығу
коэффициентімен) резервтік көшіру деректерін немесе мұрағаттық
ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді.
1
1 Петабайт (Пбайт) = 1 024 Тбайт = 2
50
байт.
111
көптеген таспалы кітапханаларды басқару жəне олардың жұмысын
бақылау интеллектуалды графикалық пайдаланушылық интерфейсі
көмегімен жүзеге асырылады. HPE StoreEver ESL G3 таспалы
кітапханасы үшін LTO-7 Ultrium жинақтауыштарының қолдауы
жүзеге асырылған. Кітапханаға 192 дейін жинақтауыштар сияды.
StoreEver
ESL
G3
1-ден
193-ке
дейін
таспалы
жинақтауыштардың LTO-7, LTO-6 немесе LTO-5 Ultrium жəне 1-
ден 16-ға дейін кітапхана фреймдерінің масштабталуын
сүйемелдейді.
Таспалы кітапханалар таспалы тасымалдағыштарды оперативті
басқару үшін арналған, оның арқасында операторға сол немесе өзге
таспалы тасымалдағышты уақытында жүктеудің қажеті болмайды.
Таспалы кітапхананы таңдаған кезде алғашқы критерий ретінде
сақталатын деректердің ең көп көлемі табылады. Бірақ кітапханада
қандай таспалы құрылғылар орнатылғанын ескеру керек.
Кішкентай кəсіпорындарда, алыс кеңселерде, сондай-ақ 50 Гбайт
дейін деректер көлемінде FlexiPackAutoloader ұқсас жиі таспалы
кітапханалар қолданылады . Бұл кітапхана 72 Гбайт ең көп
сыйымдылықтағы DDS-3 типті алты таспаны басқаруға жəне 1
Мбайт/c дейін деректер тасымалдау жылдамдығымен қамтамасыз
етуді мүмкіндік жасайды.
Резервтелетін деректердің 50-ден 350-ге Гбайт дейін көлемінде
кітапханаға негізгі талаптар болып көшірілетін деректердің
жылдамдығы мен көлемдері табылады. Мұнда DLT таспалы
жинақтауыштар негізіндегі құрылғылар кең сұранысқа ие. Ұқсас
кітапхана мысалы ретінде Sun StorEdge L9 Autoloader негізіндегі
шешімі қызмет етеді . Кітапхана тоғыз таспамен жұмысты
ұйымдастыруға мүмкіндік береді, олардың əрқайсысы 40 Гбайтқа
дейін деректер сыйғыза алады, ол 360 Гбайт жиынтық
сыйымдылықты береді. Таспалы жинақтауыш ретінде кітапханада
DLT-8000 қолданылады.
3.8.
Достарыңызбен бөлісу: |