ДК видеоадаптеріне жалғанған СК-панельді проектордың
жұмыс бетіне мөлдір пленка ретінде орнатады.
Проекциялаушы
шамнан жарық ағыны арнайы фокустағыш линза арқылы СК-
панельді жарықтандырады, ол арқылы жəне шашыратқыш линза
арқылы өтіп, проекциялау айнасына келіп түседі.
Құрылымы жəне сыртаумақтық өлшемі бойынша СК-панель
Notebook
типті ДК дисплейіне ұқсайды, бұған қоса оның
корпусында кескін параметрлерімен басқару құралдары орналасқан.
Компьютерге жалғанатын
оверхед-проектормен
қалыптастырылатын кескін сапасы СК-панельдің сипаттамасымен
анықталады,
олар
жайпақ
панельді
СК-мониторлардың
сипаттамасына ұқсас: өлшем, ең көп ажыратымдылық, түстердің
жаңғыртылатын реңк
саны,
жарықтық.
Экранның
ажыратымдылығына байланысты экранының сəйкес ең көп
ажыратымдылығы бар келесі типті СК-панельдерді айырады: VGA-
панельдері (640 х 480); SVGA-панельдері (800 х 600); XGA-
панельдері (1 024 х 768); SXGA- панельдері (1 280 х 1 024); FullHD
панельдері (1 920 х 1 080).
СК-панель жұмысын басқару үшін кабель немесе радиоарна
бойынша компьютердің тізбекті портына жалғанған, адаптермен
қосылған дистанциялы тінтуірі.
4.2.2.
Мультимедиялық проекторлар
Мультимедиялық проекторда проекциялау шамы, СК-матрица мен
оптикалық жүйе бір корпуста құрылымдық түрде орнатылады.
Мульмедиялық проектор əрекет ету принципі бойынша оверхед-
проектордан ерекшеленбейді: ДК видеоадаптерының сигналымен
басқарылатын проекторға кіріктірілген электронды-оптикалық модулятор
жəне қуатты проекциялаушы шам көмегімен кескін түзіледі,
содан кейін
оптикалық
жүйе
арқылы
сыртқы
экранға
проекцияланады.
Мультимедиялық проекторлардың негізгі ерекшелігі модулятор құрылымы
жəне экранға кескінді ауыстыру, тұрғызу əдістері болып табылады.
Модулятрдың құрылымына байланысты проекторлар келесі типті болады:
TFT-проекторлар,
полисиликондық проекторлар жəне DMD/DLP-
проекторлар.
Достарыңызбен бөлісу: