CGA
(Color Graphics Adapter) — IBM PC арналған түрлі-түсті
мониторлардың бірінші стандарты. Барлық режимдер арасынада ең
жоғары ажыратымдылық — 640 х 200, ең үлкен түрлі-түсті тереңдік—
4 бит (16 түс).
EGA
(Enhanced
Graphics
Adapter)
—
монитор
мен
видеоадаптерлардың стандарты, 640 х 350 пиксельді ажыратымдылық
кезінде 16-дан 64 түске дейін қолдана алады.
VGA
(Video Graphics Array) — стандарт 640 х 480 пиксельді
ажыратымдылықты қамтамасыз етеді.
Видеоадаптер біруақытта экранға 256 түрлі түс
шығара алады,
түрлі-түсті ақпаратты жіберу үшін аналогты сигнал қолданады.
SVGA
(Super Video Graphics Adapter) — ^уақытша видеоадаптер,
əмбебап графикалық құрылғыны береді, ол 800 х 600 пиксельді
ажыратымдылыққа жəне 16 млн дейінгі түс санына қабілетті..
ХGA
(eXtended Graphics Array) 1990 жылы IBM жасалған жəне
1024 х 768ажыратымдылыққа қабілетті видеокарталар мен дисплейлер
үшін стандарт болды. Оның
дамуы SХGA стандарты болып
табылады
(Super eXtended Graphics Array), ол 16,7 млн түстер кезінде 1
280 х 1 024 ажыратымдылықты қамтамасыз етеді.
UХGA
(Ultra eXtended Graphics Array) — графикалық ақпаратты
бейнелеу стандарты, ол 16,7 млн түстер кезінде 1 600 х 1 200
ажыратымдылықты қамтамасыз етеді.
Видеоадаптер видеожүйенің келесі сипаттамаларын анықтайды:
■
Түстердің бейнелетін реңктерінің ең көп ажыратымдылығы мен ең
көп саны;
■
Жалпы ДК мен видеожүйенің өнімділігін анықтайтын
видеоақпаратты жіберу мен өңдеу жылдамдығы.
Бұдан басқа видеоадаптер жұмысына монитор экранында растрдың
қалыптасуы кезінде қолданылатын көлденең жəне тік синхрондаудың
сигналдарының қалыптасуы кіреді.
Видеоадаптердің əрекет ету принципі келесіде.
Процессор n –разрядты
сандардың Nх M матрицасы түріндегі
цифрлық кескінді қалыптастырады жəне оны видеожадыға жазады.
Ағымдағы кескіннің (кадрдың) цифрлық бейнесін сақтау үшін
тағайындалған видеожады учаскесі буфер немесе фреймбуфер деп
аталады.
Видеоадаптер кадрлы буфердың ұяшық құрамын тізбекті түрде
оқиды (сканерлейді) жəне шығуда видеосигнал қалыптастырады, оның
деңгейі бөлек ұяшықта сақталатын мəнге уақыттың əр мезетінде
пропорционал болады. Видео жадыны сканерлеу электрондық сəулені
экран бойымен жылжытумен синхронды түрде жүзеге асырылады.
167
Нəтижесінде монитор экранындағы əр пиксельдің жарықтығы
видеоадаптер
жадысының
сəйкес
ұяшығының
құрамына
пропорционал болады.
Растрдың бір жолына сəйкес
келетін ұяшықтарды қарау
аяқталысымен видеоадаптер сəуленің көлденеңінен кері жүрісіне
бастамашылық ететін жолдық синхрондаудың импульстерін
қалыптастырады, пл кадрлы буферды сканерлеу аяқталысымен
сəуленің төменнен жоғарға жүрісін туғызатын сигналды
қалыптастырады.
Осылайша, монитордың жолдық жəне кадрлы
жаймасының жиіліктері видеожадының құрамын сканерлеу
жылдамдығымен, яғни видеоадаптермен анықталады.
4.4.1.
Видеоадаптер жұмысының режимдері
Видеоадаптер жұмысының режимдері,
немесе видеорежимдер
видеоадаптермен қамтамасыз етілетін параметрлердің жиынтығын береді:
ажыратымдылық, түс бояғышы, жолды жəне кадрлы жайма жиіліктері,
экранның учаскесін адрестеу əдісі жəне басқалары. Видеоадаптер
ажыратымдылығы көрімделген бейненің нақтылығы мен тəптіштеуін
анықтайды.
Барлық видеорежимдер графикалық жəне мəтіндік болып бөлінеді.
Видеоадаптердың түрлі режимінде видеосигналдың қалыптасуының түрлі
механизмдері қолданылады, ал монитор
екі режимде де бірдей жұмыс
жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: