Виртуалды ақиқат шлемдері қазіргі уақытта бинокулярлы көрудің
ерекшеліктерін пайдалануға негізделген барлық құрылғылардың ішіндегі
ең табыстылары болып саналады.
4.3.2.
3D-көзілдіріктер
3D-көзілдіріктер
үш
өлшемді
кескіннің
қалыптастыру
құрылғыларының бағасы бойынша ең көп таралғаны жəне қолжетімдісі
болып саналады. Олардың əрекет
ету принципі стереожұптың
элементтерінің бөлінуінің бекітпелі əдісін қолдануға негізделген. 3D-
көзілдіріктер компьютерге немесе смартфонға қосымша ретінде
қолданылады.
3D-көзілдіріктердің əрекет ету принципі стереожұптың сол жəне оң
бөліктерін мониторда тізбекті бейнелеуі кезінде көзілдіріктің əйнегінің
айқындығы синхронды өзгереді. Нəтижесінде əр көз стереоəсерді
қамтамасыз ететін стереожұптың тек қана өз бөлігін көреді. 3D-
көзілдіріктің əйнектері компьютер командалары бойынша «айқындығын
жоғалта» алатын болса, оларды поляризация əсерін пайдаланатын сəулелі
типті СК-ұяшықтар технологиясы бойынша орындалады. Сондықтан 3D-
көзілдіріктерді кейде поляризациялық деп атайды. 3D-көзілдіріктердің
əйнектерінің айқындығы видеоадаптердің сигналдарымен басқару
нəтижесінде экрандағы кескіннің синхронды ауысуымен өзгеретін
болғандықтан, оларды белсенді деп атайды.
Осылайша,
«белсенді
поляризациялық
көзілдіріктер»,
«3D-
көзілдіріктері» терминдері — синонимдер;
олар бірдей қағидатта жұмыс
жасайтын құрылғыларды білдіреді.
3D-көзілдіріктерді ДК-ға қосу көптеген жағдайда қосымша құрылғы –
контроллер көмегімен жасалады, ол əйнектің ретімен күңгірттенуін
басқаратын 3D-көзілдіріктер үшін синхросигналды түзеді, шығу
бейнесигналын
жəне
видеоадаптер
синхросигналдарын
монитор
экранында стерео жұптың элементтерінің бөлек ретті көрсетуін
қамтамасыз ету үшін түрлендіреді (қажеттілігі бойынша).
Мысалы, Samsung фирмасымен жасап шығарылған смартфондарға
арналған виртуалды ақиқаттың 3D-көзілдіріктері шолудың үлкен
бұрышын 96° қамтамасыз етіп, жұмыс істейді.
Оларда кіріктірілген
акселерометр мен гироскоп болады. Смартфоннан бөлек көзілдірік жұмыс
жасамайды, сондықтан олардың функционалдығы көбіне оның
мүмкіндіктеріне байланысты болады. Бұл кезде əсіресе смартфонды
виртуалды ақиқаттың құрамды бөлігі деп санау дұрыс. Samsung 3D-
көзілдіріктері корпуста орналасқан не сенсорлы панель көмегімен, не
пайдаланушы басының бұрылуымен басқарылады.
160
Ресейлік нарықта ұсынылған 3D-көзілдіріктердің негізгі
өндірушілеріне Samsung, Fibro, Homido,
Smar- terra фирмалары
жатады.
4.3.3.
3D -мониторлар
Стереоскопиялық кескін алудың бағыттарының бірі
3D-
мониторларын қолдану болып табылады.
3D-мониторлар
стереовизуалдау
құрылғылары
ретінде
қолданылады жəне көптеп дамытылды. Мұндай мониторлар
көлемді сахнаның екі ракурсын жаңғыртады, оның біреуі сол,
басқасы – оң көзге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: