Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет94/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

5.7. 
3D-ДЫБЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
SD-дыбыс мультимедиялық компьютердің ажырамас бөлігі 
болып табылады. JD-дыбыс, немесе үш өлшемді дыбыс ұғымы, 
191 


тыңдаушы айналасында үш өлшемді кеңістікте дыбыс көзінің орналасуын 
білдіреді. 
Тыңдаушы үшін дыбыстық модельдің шынайылығын арттыру 
мақсатында түрлі технологиялар қолданылады. 
Мысалы, окклюзиялар (occlusion — бөгеттер арқылы өтетін дыбыстар ) 
басқа ғимаратта немесе қабырға ар жағында орналасқан дыбыс көздерін 
модельдеу үшін қолданылады. Бұл кезде түрлі материалдардан жасалған 
түрлі қалыңдықты қабырғалардың сан алуан түрін модельдейді. 
Обструкциялар (obstruction — бөгеттермен ұсталып қалатын дыбыстар) 
дифракцияларды модельдеу үшін қолданылады, яғни бөгеттердің 
дыбыстық толқындарының айналдыру құбылысы, оның ішінде бағаналар, 
бөренелер жəне т.б. 
Кеңістікте дыбыстың таралу жəне оның адаммен қабылдау 
процестерінің математикалық модельдеуі HRTF-функцияларының 
негізінде жүргізіледі (Head Related Transfer Function). Бұл функциялар 
дыбыс көзі — HRIR (Head Related Impulse Response) сигналының 
импульсінен дабыл жарғағына дыбыстық толқынның 
уақытша 
тəуелділігінің Фурье-түрлендіруіне шын мəнінде біріктіріледі. Адам 
басының түрлі қалпы кезінде əр құлақ үшін HRIR-функциялары түрлі 
болады, ол HRTF-сүзгілерінің кітапханасын жасауын модельдеу кезінде 
қажет болады. 
Тыңдату үшін акустикалық жүйені пайдаланған кезде бинауральдық 
дыбыс жаңғыртуымен қамтамасыз ету проблемасы пайда болады, яғни əр 
құлаққа арналған дыбыстар. Бұл проблеманы шешу үшін transaural stereo 
технологиясы қолданылады, жиі ол crosstalk cancellation (СС) алгоритмі 
деп аталады — нақты құлаққа арналмаған жəне ол үшін бөгет болатын 
айқас бөгеуілдерді, яғни дыбыстық сигналдарды жою. СС алгоритмдерін 
пайдалану дыбыс көздерінің тік жəне көлденең жазықтықтарда орналасу 
сезімін жасауға мүмкіндік береді. 
HRTF-функциясының əрекеті дыбыс жиілігіне байланысты болады, 
себебі бұл функция көмегімен 3 ... 10 кГц диапазонындағы дыбыстар 
тиімдірек жеткізіледі. Жиілігі 1 кГц төмен дыбыс көзінің орналасқан 
жерін анықтау əр құлақ үшін сигналдар фазасы бойынша түрлі кідіру 
уақытын анықтауға негізделген, ол тек қана дыбыс көздерінің нақты 
орналасуын (солдан немесе оңнан) анықтауға мүмкіндік береді, бірақ 
дыбысталудың кеңістіктік қабылдауын қамтамасыз етпейді. Жиілігі 10 кГц 
асатын дыбыстарды қабылдау əр адамға берілмеген, себебі құлақ 
жарғағының жеке құрылысымен анықталады. 
СК-дыбыстың сапалы жаңғыртылуы үшін 22 кГц кем емес жиілікті 
дискреттеуді, 16-разрядты кодтауды, құрамында төрттен кем емес 
бағанасы бар акустикалық жүйені, СС алгоритмі бар HRTF-функцияларды 
жəне жоғары жиілікті компоненттермен қаныққан дыбыстарды жаңғырту 
192 


үшін сүзгілер жүйесін қолдану керектігі орнатылған. 
Түрлі компаниялар JD-дыбысын жасау үшін өздерінің 
түпнұсқалы технологияларын қолданады. 
Digital Ear (цифрлық құлақ) —Sensaura компаниясының 
технологиясы HRTF-функцияларын өлшеу үшін адам құлағының 
математикалық моделі қолданылады, ол оның жұмысының 
эксперименттік зерттеу негізінде тұрғызылған. Модельдеу кезінде 
құлақтардың өлшемдері мен пішіндерінің алуан түрлілігі назарға 
алынған, бұдан былай ол HRTF-функциясының ауқымды 
кітапханасын жасау үшін қолданылады. Нəтижесінде бұл 
технологияның əр пайдаланушысы жеке ерекшеліктерді ескере 
отырып, JD-дыбысының жаңғыртылуын күйге келтіре алады. 
Malti Drive — бұл технология Transaural Cross-talk Cancellation 
(TCC) алгоритмдерін пайдаланумен акустикалық бағаналардың 
барлық жұптарында HRTF-функцияларын пайдалануға арналған, 
олар СС стандартты алгоритмінен айырмасы төменжиілікті аумақта 
дыбыстың ең жақсы сипаттамаларын қамтамасыз етеді. Бұл кезде 
пайдаланушы ТСС алгоритмімен басқара отырып, өзі үшін 
дыбысталуды күйге келтіре алатын мүмкіндігі болады. ТСС 
алгоритмдерімен HRTF-функцияларын қолдану үшін акустикалық 
бағаналардың барлық жұптары үшін есептеу ресурсының үлкен 
көлемі қажет болады. Malti Drive технологиясы Macro FX пен Zoom 
FX алгоритмдерімен бірге қолдануға есептелген. 
Macro FX — дыбыс көзінің тыңдаушыға жақын орналасу сезімін 
тығыздала қамтамасыз етеді. Бұған тыңдаушы басының 
айналасында үш өлшемді кеңістікте дыбыстық энергияның 
таралуын нақты модельдеу есебінен қол жеткізіледі. Macro FX 
алгоритмі интерфейстер мен ойындарға арналған. Егер дыбыс 
картасының драйверіне Macro FX сүйемелдеу кіріктірілген болса, 
онла құлақта маса ызыңын, құлақта желдің зуылын жəне басқа да 
ұқсас дыбыстарды естуге болады. 
Zoom FX — модельдеу кезінде дыбыстың нүктелік емес көзін 
шамалайды, ал шеткі өлшемдері мен белгілі күрделіліктің болуы 
дыбыстың бір көзін нүктелі көздердің жиынтық түрінде көрсетумен 
қол жеткізіледі. 
Environment FX — уақытпен өшетін тойтарылған дыбыстың кез 
келген орналастыру мен өрісіндегі дыбыстық толқынның таралуын 
ұқсатып, жаңғырықтыру əсерін жаңғыртуға мүмкіндік беретін 
технология. Environment FX орналастыру акустиканың сан алуан 
түрін 
модельдеуге 
мүмкіндік 
береді 
жəне 
Malti 
Drive
технологиясын пайдаланумен көпбағаналы акустикалық жүйе 
арқылы жаңғыртуға бағытталған. 
193 


Wavetrcing 
—Aureal 
компаниясының 
технологиясы, 
геометриялық орта негізінде бөгеуілдері арқылы өткен жəне 
шағылған дыбыс толқындарының таралу есебіне негізделген. 
Environmental 
Audio 
Extensions 
(EAX) 
—Creative 
компаниясының технологиясы дыбыстардың көмегімен ойындарда 
болып жатқанның шынайылығын сезінуді қамтамасыз ету үшін 
қоршаған орта дыбысталуын жасау үшін бағытталған. Бұл 
дыбыстық орта тыңдаушылардың барлық жағынан шығатын 
жаңғырту мен дыбыстар шағылысын модельдеу есебінен жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет