3 – сабақ
Тақырыбы: Зат есiм (Nomen Substantivum)
Латын тiлiнде зат есiмнiң үш тегi бар: masculinum– ер тегi, feminimum – әйел тегi, neutrum – орта тек.
Латын зат есiмдерi жiктеледi және септеледi. Зат есiмнiң екi түрi бар: жекеше – singularis, көпше – pluralis және 6 септiгi бар: Nominativus – атау, Genetivus – iлiк, Dativus – барыс, Accusativus – табыс, Ablativus – шығыс, Vocativus – көмектес.
Латын тiлiнде зат есiмнiң 5 жiктеу түрi бар. Олар бiр-бiрiнен септiк жалғаулары арқылы ажыратылады.
1. Зат есiмнiң сөздiк формасы
1. Латын тiлiнде зат есiмдердiң сөздiк формасы, яғни сөздiкте жазылу түрі 3 бөлiктен тұрады: 1) атау септiгiндегi формасы толық жазылады. 2) iлiк септiгiнiң жалғауы көрсетiледi. 3) тегiнiң белгiсi (яғни m,n,f ) берiлдi.
Мысалы: Атау Iлiк Тегi Мағынасы
Costa ae f қабырға
Musculus i m бұлшық ет
sternum i n кеуде
2. Зат есiмнiң жiктелуiн анықтау
Жiктеулер белгiсi – бұл жекеше түрдегi iлiк септiгiнiњ жалғаулары. (Gen. sing).
Iлiк сеп. Жiк.
аe I
i II
is III
us IV
es V
Мысалы: costa , ae f I sulcus, i m II , septum i n II скл., canalis , is m III , duсtus,us m, cornu, us n , facies, ei V
Достарыңызбен бөлісу: |