4. Зат есiмнiң тегiн анықтау (род m, f, n)
Зат есiм тектерiнiң белгiсi - атау септiгiнiң жалғаулары.
А) Егер сөз атау септiгiнде us, er жалғаумен аяқталса, m - тегiне жатады.
Б) Егер um, on, u жалғаумен аяқталса, n - тегiне жатады.
В) Егер a, es жалғаумен аяқталса, f - тегiне жатады.
Бiрақ III жiктеудегi зат есiмдердiң жалғаулары әртүрлi болып келедi. Бұл зат есiмдердi бiз III жiктеудi өткен кезде жеке қарастырамыз.
I. Сөздердiң жалғауларына қарап қай жiктеу түрiне жататынын анықтаңдер.
A. Septum; encephălon; nasus, i ; arcus, us; mandibula; cranium; incisura; skelěton; cornu por; palātum; lympha; concha; ductus, us; tuberculum; ramus, i; ganglion; vertebra; sinus, us; lamina; olecranon; maxilla; cerebrum; huměrus, i; meatus, us; clavicula; dorsum; processus, us; lingua; acromion; scapula; oculus, i; substantia.
B. Eminentia; brachium; tegmen; membrāna; recessus, us; digitus, i; fossa; aqu(a) e ductus, us; genu; porus, i; pecten; collum; vena; angulus, i; vestibulum.
C. Cementum; enamēlum; lingula; gallus, i; glandula; dentinum; bucca; frenulum; labyrinthus, i; malleolus, i ; papilla.
Достарыңызбен бөлісу: |