Оқулық жоғары оқу орындарының медицина факультеттерінің студенттері мен магистрлеріне арналған
Зат есiмдер мен сын есiмдердiң III жiктеудегi iлiк септiгi көпше түрi жалғаулары um – жалғауы. 1. Негiзi бiр дауыссыз дыбыспен аяқталған зат есiмдерге жалғанады. Мысалы: radix, icis f – radicum. 2. Салыстырмалы шырайдағы сын есiмдер негiзiне жалғанады. Мысалы: anterior, ius – anteriorum ium – жалғауы 1. Негiзi екi немесе үш дауыссыз дыбыспен аяқталған зат есiмдер негiзiне жалғанады. Мысалы: pars, partis f – partium 2. Буындар саны тең зат есiмдер негiзiне жалғанады. Мысалы: canalis, is m – canalium 3. Орта текте -e, -al, -ar жалғауларымен аяқталған зат есiмдер негiзiне жалғанады. Мысалы: rete, is n – retium 4. II топтағы сын есiмдер негiзiне жалғанады. Мысалы: vevtebralis, e - vevtebralium Жаттығулар I. Сөздiк түрiнде жазыңдар; көпше түр, iлiк септiгiн түзiңдер; қырқа, қарынша, жүрекше, қарынша, түйiн, бұрыш, ұрт, бұлшық ет, қойнау, без өсiндi, ганглит, тiзеше, иек, шумақ, буын, өкпе, тесiк, сiңiр. II. Сын есiмдердiң көпше түр iлiк септiгiн түзеңдер; ұзын, шыбықтық, терең, қысқа, жәй, үлкен, жоғарғы, кiшi, алдынғы, ең кiшi, ең үлкен. III. Аударыңдар Dentium, tendinum, pulmonum, aurium, ossium, articulationum, retium, regionum, partium, cervicalium, posteriorum, nasalium, minorum. Жаттығулар Аударыңдар; А. Маңдай қойнауларының аралықтары, оң жаќ жүрекшенiң өкпелiк веналарының қойнауы (синусы), сол жаќ жүрекшенiң өкпелiк веналарының тесiктерi, сiңiрлердiң қиылыстары; қабырғаларды көтерушi ұзын бұлшық еттер; бүккiштер сiңiрлерiнiң ұстағыштары, бөксе бұлшық еттерiнiң бұлшық ет аралық қалталары, тамырлардың тамырлары. Б. Сiңiрлердiң байламдары, қол ұшы саусақтарының фиброзды қынаптары, кiшi жiлiншiк бұлшық еттерiнiң сiңiрлерiнiң жоғарғы ұстағышы; қабырғаларды көтергiш , қысқа бұлшық еттер, қанат тәрiздi өсiндiлердiң медиальдi және латеральдi табақшалары. С. Күрек және ит тiстердiң медиальдi бетi, үлкен және кiшi тастақты нервтердiң өзектерi, қабақтардың бүйiрлі қосылысы, күрек және кiшi азу тiстердiң тiлдiк бетi. Жаңа сөздер
12 - cабақ Тақырыбы: Анатомиялық-гистологиялық терминология бойынша қорытынды бақылау жұмысына дайындық I. Сөйлемдердi аударыңыз. А. Margo anterior, os hyoideum, nodus lymphaticus, spina nasalis posterior, colon transversum, fissura orbitalis, radix vestibularis, foramen occipitale magnum, crista tuberculi minoris, fornix pharyngis, meatus externus, incisura pancreatis, dura mater encephali, lobus hepatis dexter. Б. Corpus vesicae fellae (biliaris), ampulla recti, ligamentum fibulare, cornu sacrale, musculus glut(a)eus minor, ductus hepaticus sinister. С. Nevrus facialis, glandula lacrimalis, stratum cerebrale, musculus transversus menti, cavitas nasi propria, ductus sublingualis major, nervus musculi tensoris palatini, hiatus canalis nervi petrosi minoris, apex radicis dentis. жүктеу/скачать 1.97 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |