NB-Көңiл бөлiңiз.
Зат есiмнен сын есiм жасалған кезде жұрнақ зат есiм негiзiне жалғанады.
Ереже бойынша сөз құраушы негiз және жұрнақ бiр тiлге (латын немесе грек) жатады, бiрақ терминологияда ережеге бағынбайтын сын есiмдер бар. Мыс: brachi – al – is, acromi – al – is, petr – os – us, arteri – os – us.
Бұл сөздерде негiз - грек тiлiнде, ал жұрнақ - латын тiлiнде. Кейбiр сөздерде латын және грек жұрнақтары да кездеседi. Мысалы: spheno id al is (id - грек., al – лат.).
Зат есiмдер және сын есiмдер жұрнақтары
I. Зат есiмдер негiзiне жалғанып, “кiшiрейтiлген” деген мағынадағы зат есiмдердi құрайтын ж±рнаќтар.
|
Зат есiмдердiң сөз құраушы негiздерi
|
Құралған сөздер
|
ul (us, a, um)
|
Glob – us – шар
Ven – a – вена
Fren – um – жүген
|
Glob – ulus – кiшi шар
Ven – ula – кiшi вена
Fren – ulum– жүгеншiк
|
ol (us, a, um)
|
Bronch – us – бронх
Are – a – дөңгелек
|
Bronch-olus-кіші бронх
Are-ola-дөңгелекше
|
cul (us, a, um)
|
Canal-is-өзек
Aur-is-құлақ
Gen-u-тiзе
|
Canal-i-culus-өзекше
Aur-i-cula-құлақша
Gen-i-culum-тiзеше
|
ell (us,a,um)
|
Lam-ina-табақша
Ceber-rum-үлкен ми
|
Lam-ella-кiшi табақша
Cereb-ellum-мишық
|
ill (us,a,um)
|
Mam – ma – сүт безi
|
Mam-illa-емiзiкше
|
NB – көнiл бөлiңiз
Бұл жұрнақтармен жасалған зат есiмдер I, II жiктеулерде жiктеледi. Сөз құраушы негiз қай текте тұрса, олар сол текте болады. Мысалы: nodus, -i m – nodulus; vas, vasis n – vasculum;
а) III жiктеудегi зат есiмдерге –cul жұрнағы жалғанады.
б) түбiрi дауысты дыбыспен аяқталған сөздерге –ol жұрнағы жалғанады.
в) ell, ill жұрнақтарымен 2 түрлi кiшiрейтiлген зат есiмдер жасалынады .
Мысалы: capsa-жәшiк, capsulla-капсула , capsella-кiшi жәшiк.
г) егер сөз түбiрiнде r,l,m,n дауыссыз әрiптерi болса, онда кiшiрейтiлген мағынадағы зат есiмдер ell жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: cerebrum-cerebellum.
д) кейбiр жасанды жолмен жасалған зат есiмдердiң кiшiрейтiлген мағынасы болмайды: gastrula, blastula, monula.
I. Қимыл әрекеттi бiлдiретiн зат есiмдер –io жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
-io (tio, sio, xio)
|
Flex-um- иy
Transsudat-um – терлеу
|
Flex-io- игiш
Transsudat-io – транссудация
|
Ескерту: Бұл жұрнақпен жасалған зат есiмдер операция түрлерiн, зерттеу тәсiлерiн, емдеу, физиологиялық қызметтерiн бiлдiредi.
II. Iс қимылды жасайтын және iс әрекеттi жүзеге асырушы мағынасын бiлдiретiн зат есiмдер -or- жұрнағы арқылы жасалады.
Or
|
Adduct – um - әкелу
Flex – um – иiу
|
M.adductor-б.е. әкелушi
Flexor – иушi б.е.
|
ІІІ. Iс-қимыл нәтижесiн бiлдiретiн зат есiмдер –ura жұрнағы арқылы жасалады.
Ura
|
Apert um – ашу
Incis um – ою
|
Apert ura – тесiк
Incis – ura – ойық
|
Достарыңызбен бөлісу: |