Оқулық «Мәдениеттану»



бет25/57
Дата03.01.2022
өлшемі1.81 Mb.
#451815
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
Мадениет тану экзамен

Ежелгі Римнің, мәдениеті

Этрустар мәдениеті Апенин түбегіндегі ең көне өркениет болып саналды. Б.з.д. I мыңжылдықта Орталық және Солтүстік Италияның жерінде Этрустық мемлекет-қалалар фелерациясы құрылды. Этрустардың шыққан тегі мен олардың тіл құпиясы осы уақытқа дейін толық ашылған жоқ. Көптеген ғалымдардың пікірінше, олар Италияға Кіші Азиядан б.з.д. IX— VIII ғасырда келген және олардың мәдениеті итальян топырағында гүлдену шегіне жеткен. Этрустар егіншілікті жетік меңгерген. Оған дәлел ретінде олардың жасанды суландыру жүйесіне кеңінен пайдалануы мен батпақты жерлерді құрғатып құнарлы жерге айналдыруын айтсақ та жеткілікті сияқты. Грек аңыздарында этрустардан шыққан ержүрек теңіз қарақшылары туралы айтылады. Б.З.Д. VIII—VI ғ. Этрурия ықпалы Жерорта теңізі өңірінің бүкіл батыс жартысына тарады. Этрустар салған жолдар, көпірлер және қазған каналдар құрылыс техникасының жоғары дамығандығын көрсетті. Олар туралы Рим тарихшылары таңырқай жазған.



Б.З.Д. VI ғ. Этрурияның 12 ірі қаласын біріктірген одақ қалыптасты. Бұл фелерацияның діни орталығы Вольсини қаласы болды. Б.з.д. VI ғ. бастап этрустер өркениетіне Италияның оңтүстігіндегі грек отарлары арқылы эллиндік мәдениеттің ықпалы тие бастады. Олар грек алфавитін пайдаланатын болды, тіпті алтын теңгелер де грек үлгісі бойынша құйылды. Ең бастысы — ежелгі Элладаның өнері, дәлірек айтқанда театр өнері, мүсін өнері және т.б. ерекше әсер етті. Этрустар гректер сияқты 12 құдайға табынды және олардың мифологиялық ұғымдарын қабылдады. Бірақ олардың діни көзқарастарында, наным-сенімдерінде өзіндік ерекшеліктер де байқалады. Өйткені, этрустардың дінінде табиғат құбылыстарына қарап, құстардың ұшқаны мен құрбандыққа шалынған малдардың ішек-қарны, сүйектері арқылы бал ашу кеңінен тарады. Этрустар құдайлар үштігін — Юпитерді, Юнонаны және Минерваны бас құдайлар деп ерекше бағалап, олардың құрметіне үш храм салғыздырды.

Этрустардың әлем туралы, дүниенің жаратылуы туралы түсініктері вавилондықтарға өте ұқсас болды, ал мұның өзі оларды шығыс елдері мәдениетімен де жақындастыра түсті.

Б.з.д. VII—VI ғ. Этрурия шеберлері Жерорта теңізінің барлық елдеріне танымал өзгеше керамика жасауды меңгерді және асыл металдарды өндеу тәсілдерін жетік меңгерудің арқасында ете нәзік зергерлік бұйымдар жасауды жолға қойды.

Этрурия мәдениетінің гүлденген кезеңі б.з.д. VII мен V ғ. Бірақ үздіксіз соғыстар мен әлеуметтік қақтығыстардың салдарынан саяси қуатынан айрылған Этрурияның мәдениеті де V ғ. басынан бастап құлдырай бастайды. Б.З.Д. 474 ж. оңтүстік итальян қалаларының біріккен флоты этрустарға күйрете соққы берді, сөйтіп құлиеленушілік Рим біртіндеп бүкіл Этрурияны өз қол астына бағындырып тынды. Саяси дербестіктен айрылған соң Этрус өнерінің өзіне тән ерекшеліктері кеми бастады. Алайда, Этрурия өнері Эллин мәдениетінің ықпалымен біржола жоғалып кеткен жоқ, өз кезегінде бұл ежелгі мәдениет көршілес итальян халықтарына, оның ішінде, әсіресе, римдіктерге орасан зор ықпал жасады. Этрустар өнері Римнің дініне, сәулет өнеріне, мүсін өнеріне әсерін тигізіп, Римнің көркемдік творчествосын қалыптастыруда елеулі рөл атқарды. Осы орайда жазу, дәлірек айтқанда Рим цифрлары осы этрустардан қалған мұра екендігін атап өткен жөн. Римнің тарихы дәстүр бойынша қаланың негізі қаланған кезден, яғни б.з.д. 753 жылдан басталады. Ежелгі тарихшылардың деректеріне қарағанда VIII—VI ғ. Римді патшалар басқарған, сондықтан бұл уақыт шеңбері патшалық дәуір деп аталады. Ал олардың ең соңғы үшеуі этрустардың Тарквинийлер әулетінен шыққан, жалпы Римді басқарған патшалардың жалпы саны жетеу. Патшалық көзінде қала тас қорғандармен қоршалып, онда су құбырлары жүргізілді және гладиаторлар ойындарына арналған тұңғыш цирк салынды.

Тарихи деректерге қарағанда, Римдегі этрустар үстемдігі б.з.д. 510 ж. аяқталды, көтеріліске шыққан халық Тарквиншілер әулетінің соңғы патшасы Гордыйды (б.з.д. 534/533-510/509 ж.) тақтан түсірді. Этрустар қуылғаннан кейін Рим республикасының кезеңі басталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет